ҚАЖЕТТІЛІК

ҚАЖЕТТІЛІК (қажеттік, қажет, ке- ректік, мұқтаждық, әсіресе, табиғи қажеттер) – өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Өз тіршілігіне керекті нәрсеге ағзаның түрліше қажеттілігі болады. Мұқтаждық – адамға, бар- ық тірі ағзаға тән. Адамның іс-әре- кеті де қажетін қанағаттандыруға бағытталады. Ағзаның мұқтажды- ғы өзіне әсер еткен нәрсеге артықша елеңдеу, тітіркену күйінде көрінеді. Елеңдеп тітіркенген ағза сол бағытта іс-әрекет жасап, қажеттілігін қана- ғаттандыруы мүмкін. Ағзаның мұқ- таждығын қанағаттандыратын қы- лығы – іштен туылған – шартсыз болады. Ағза дамып күрделенген сайын, қажеті көбейе түседі.

Адамның қажеттенуі көп қырлы, жоғары сапалы, бай болады, ол – тір- шілік жағдайының заңдарына ба- ғынады. Адамның бір қажеттілігін қанағаттандырып, оның орнына бас- қа қажеттіліктің пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуіне өте ке- ректі шарт болып табылады. Егер адам өзінің мұқтаждықтарын қана- ғаттандырумен ғана тынатын болса, онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айрықша орын алуы мүмкін болмас еді. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық тілектер (тамақ, баспана, киім, іс- әрекет құралдары т.б.) болады. Не- гізгі материалдық қажеттері біртін- деп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, шығармашылық өнер т.с.с.) туғы- зады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттіліктерінің қана- ғаттандырылуына да байланысты болады. Негізінен адамның қажетті- ліктері саналы әрекетінің нәтижесін- де біртіндеп қанағаттандырылып, өтеліп отырады. Қ-тің өтелу, өтелме- уі адам психологиясына, оның кү- йініш-сүйінішіне әсер етеді. Қ-терді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп, солардың көмегімен түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажеттіліктер – адам- ның шығармашылық қызметін ту- дыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, яғни, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді.

Сондықтан, адамдардың қажеттері – іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғ- ни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қ. – әсіресе табиғи қажеттері өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болма- са, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Қ.-тердің (материал- дық, рухани, әлеуметтік, шығарма- шылық т.б.) қанағаттанбауынан адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *