ҚАДЫРҒАЛИ ҚОСЫНҰЛЫ ЖАЛАЙЫР

ҚАДЫРҒАЛИ ҚОСЫНҰЛЫ ЖАЛАЙЫР (1555-1607). Ол «Жами-ат-Тауарих» («Шежірелер жинағы») дейтін еңбектің авторы. Ол қазақ тілінде 1997 жылы «Қазақстан» бас- пасында жарияланды (көлемі 127 бет). Еңбекте ортағасырлық этностардың (қазақ, орыс, түркі) сана сезімі, дү- ниеге  көзқарасы,  болмыс  бітімі, түсінік талғамы, ой өрісі, әдет -ғұрпы мен психологиясы мақал-мәтел, на- қыл сөз түрінде көрініс береді.

Олардың кейбірі: Үй іші иесіне тар- тады… Патшаның патшасы халықтың арқасында… Әр істе сақтық керек… Жақсы ат ашта да шабар, тоқта да шабады. Атағы шыққан өлмейді, ес- те қалмаған өледі… Өз жүрегін тазар- та білген бүкіл елді ұры-қарыдан қорғай біледі… Істі дер кезінде орын- да, кешіккен іс оңбайды… Тозаққа жетектеп кіргізетін – тек қана на- дандық… т.б.

Осынау түйіндердің психологиялық астарларын ашу, оны тәлім-тәрбие жұмысында тиісінше пайдалану- дың қажеттігі дау тудырмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *