ӘМІРСАНА, Амурсана

ӘМІРСАНА, Амурсана (1722 — 57) — жоңғар нояны. Ойрат ақсүйегінің тұқымы. Еділ қалмақтарының ханы Аюкенің қызы ұзатылып келе жатып, қазақ жерінде қыстап қалғанда қазақ батырымен көңіл қосып, ішінде кеткен деген де әңгіме бар. Қонтайшы

Қалдан Серен (Цэрен) өлгеннен кейін (1745) оның тұқымдарымен күресте жеңіліс тауып, Дабашы екеуі қазақ жеріне қашып келді. Абылай ханның қолдауымен Дабашының хан болуына (1753) көмектесті. Көп ұзамай Дабашыға қарсы қарулы көтеріліс бастап, жеңілген соң Пекинге қашып барды (1754). Жоңғар хандығын жоюды көптен көксеген Қытай осыны желеу етіп, қалмақ жеріне әскер жіберді (1755). Әскердің алдыңғы легін Ә. басқарды. Жоңғар жерін жаулап алған Қытай Ә-ны билеуші етпей, өлтіруді ойлады. Ол қашып шығып, манчжурларға қарсы азаттық күресін бастады. Көп ұзамай Ә. жоңғар ханы болып жарияланды. Қытай үкіметі жоңғар жеріне тағы да қалың әскер енгізді. Ә. 200 жігітімен қазақ жеріне қашып келді. Қытай Ә-ны қайтару жөнінде қатаң талап қойып, елші жіберді (02.1756). Абылай хан оны орындамай, Ә. Ресейге (Алтай уранхайларына) өтіп, сонда шешектен қайтыс болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *