ҚАБІЛЕТ

ҚАБІЛЕТ (қабілеттілік, алғырлық, алғырттылық, мүмкіндік). Қ. деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағдарланған, тәлім-тәрбие жұмысына байланыс- ты адамның бір іс-әрекетке ұйым- дасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Қ. адамның білімді, ептілікті, дарынды біршама жеңіл меңгеруіне және қандай да бір іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуы- на көмектеседі. Қабілеттілік әрбір адамда түрліше сипатта болады. Адам- ның белгілі бір іс-әрекет түріне қа- білетті болуы екі түрлі көрсеткіш ар- қылы анықталады: 1) іс-әрекетті тез өзгерту; 2) іс-әрекетті орындау нәти- жесінің сапасы. Егер адам өзге адам- дармен салыстарғанда, біріншіден, бастаған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде же- тістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді.Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным үрдістерінің даму ерекше- ліктеріне, жүйке жүйесі талдағыш- тарының жұмысына, сезім мүшеле- рінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсер- леніп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қ. адамдағы жеке-да- ра өзіндік ерекшелік, яғни бір адам- ның екінші адамнан айырмашылы- ғын көрсететін психологиялық сипат, адамның белгілі бір іс-әрекет түріне бейімділігі. Қ. – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Қ. екі түрі бар:1) адамның екі-үш түрлі іс- әрекетті атқаруға бейімділігі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі – жалпы қабілет деп аталады; 2) белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемді- ліктен және даралық ерекшеліктері- нен көрініс беретін – арнаулы қабі- лет те болады.

Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп ай- туға болмайды. Мыс., сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілет- ті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған іс-әрекет негізін- де ғана оның қаншалықты бейімді екендігін білуге болады. Адамның қабілеті тұқым қуалау факторына және өмір тәжірибесі мен тәлім-тәрбие істерінің нәтижесінің үнемі дамып жетілуіне байланысты. Қ-ті сақтау- дағы сәтсіздіктер – өз тарапынан жұ- мысқа деген қабілеттілігін сақтай- мын деген әрекеттеріне қарамастан, адамның жұмысқа деген қабілеттігін жоғалтуы, жұмысының нәтижелігі- нің және сапалылығының төмендеуі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *