КҮЙІНУ – адамның бойын қайғы- қасірет жаулап алып уайымдауы. Ыза- ланып, назаланады. Ауыр қайғыны бастан кешіруде оның бойын ауыр сезім билеп, қайғы-қасірет кешеді.
«Есей өзінің би білмегенін үлкен кеміс көріп күйінді (Ә.Нұрпейісов)».
«Күйініш күйдіргендей жердің жү- зін, қиналып тоқтата алмай әркім өзін, Ілініп қаралы күн қара тулар, Әкетті бойды билеп ауыр сезім (Халық өлеңі)». К. адамның ақыл-ойын се- зім билеп қайғы-қасіретті басынан кешіруде стрестік күйге ұшырайды. Бұл орайда адам күйіп-пісіп, іс-әре- кетінде ретсіз қимыл-қозғалыстар жа- сап, жан дүниесінде зорлану, қина- лу сияқты жағдайларға ұшырайды. Ақылды сезім билеп, қайғырушылық пен өкініштілік күйлерді басынан кешіреді. Уайым-қайғыға беріліп, адам бойын үмітсіздік билейді. Адам мұндай ауыр жағдайды жеңу үшін бойындағы күш-қуатын, ерік-жігерін шыңдап ауыр жағдайдан сергудің жолын іздестіруі қажет. Табандылық пен ұстамдылық көрсетіп, өзінің сезімімен еркін билеуге барынша ма- шықтануы пайдалы болмақ.