КРОСС-МӘДЕНИЕТТІК ЭТНОПСИХОЛОГИЯ

КРОСС-МӘДЕНИЕТТІК ЭТНОПСИХОЛОГИЯ – әртүрлі этностар мен ұлттардың рухани өмірін бір- бірімен салыстыру арқылы адамдар- дың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктерін зерттейтін эт- нопсихологияның бір бағыты. Мұ- ның көрнекті өкілдерінің бірі, аме- рика этнографы Мид Маргарет (1901- 1978). Ол көптеген этнологиялық материалдарды талдай, табиғи және әлеуметтік факторлардың ара қаты- насын салыстыра келіп, түрлі  этностардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасу жолын, әсіресе баланың әлеуметтенуін (социолизация) зерт- теу арқылы ұлттық мінез ерекшелік- терін көрсетті. Оның «Мәдениет эво- люциясындағы сабақтастық» (1964) атты еңбегінде мәдениет факторы- ның, адамның психологиялық ерек- шеліктеріне елеулі әсер ететіндігі ай- тылған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *