КӨШПЕНДІЛЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ

КӨШПЕНДІЛЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ – көшпелі халықтардың әлеуметтік-психологиялық ерекше- ліктерінің жиынтығы. К.п. алдымен көшпелі халықтың экстенсивті мал шаруашылығымен айналысуына байланысты табиғатпен етенелік жағ- дайымен ерекшеленеді. Адамдар ұжымы мен оларды асырайтын ланд- шафт арасында тығыз байланыс бо- лады, адамды қоршаған табиғат олар- дың күнделікті өмірінің бір элементі ретінде көрініс береді. Қазақ жерінің қатаң континенттік шырайы (жазы- ның ыстықтығы, қысының суықты- ғы) өзін мекендеген халыққа мейір- бандық сыйлаған. Табиғаттың қатал- дығын өз көзімен көріп, басынан кеші- ріп жүрген адам өзгеге мұндай қа- талдықты тілей қоймайды. Көшпелі- лер сұлу табиғат аясында малын ай- дап, бір орыннан екінші орынға жыл- жып отырды. Сол жолда айбынды тау- лар, айдынды көлдер, құрақты өзен- дер, көз жетпес жазықтар бірінен соң бірі алмасып өтіп жатты. Халықты аясына алып әлдилеген сұлу табиғат оның көкірегіне әсем ән мен тәтті күйді ұялатпай қоймайды. Сондық- тан көшпелі халықтар өнершіл келе- ді және олардың фольклоры бай бо- лады. Табиғатпен үнемі етене бай- ланыста болу, төл өсіру, хайуанаттар- мен жақындық адамды мейірімді- лікке баулиды. Қоғамдық дүниета- нымның түзілуіне халықтың рухани өмірінде болып жататын процестер тікелей әсер етіп отырады. Халық ауыз әдебиетінде үлгі ретінде сомдалған идеалдар – батырдың мәрттігі мен аңқаулығы, отаншылдықтың жоға- ры тұруы, ар мен намысты қастер- леу, әлсізді жәбірлемеу, сұлудың тә- каппарлығы, жетімнің ақылдылығы, тазшаның тапқырлығы, қисынды сөз- ге тоқтау ұстанымдарының жиналып келіп, көшпенділер ұстанатын құнды- лықтарды айқындайтын нышандар болып табылады. Көшпенділер үшін ар тазалығы – ең қастерлі, қымбат бағаланатын, жоғары ұсталатын мұ- раттың бірі. Сертте тұру, арды асқақ- тату, сөзге тоқтау көшпелілердің қо- ғамдық қатынастарындағы айқындау- шы категория деңгейіне дейін көте- рілген.

КРЕАТИВТІЛІК – тұлғаның ай- рықша идеяларды шығару, ойлаудың дәстүрлі схемаларынан кете алу, проблемалық жағдаяттарды шеше алу қабілеті К. интеллектуалдық қа- білеттердің ішінде ерекше тип ре- тінде бөлініп шықты. Гуманистік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі Абрахам Маслоу К. пен өзін-өзі танытудың арақатынасын зерттеуде креативтілік тұлғаның жетістігін емес, ол тұлғаның өзін сипаттайды деген. Бұл пікірден жетістіктер өзін- өзі танытатын тұлғаға қатысты екін- ші ретті болып табылатыны көріне- ді. Өзін-өзі танытатын тұлғаға тән батылдық, еркіндік, спонтандылық, тұтастылық, өзін-өзі қабылдау, ай- қын ақыл-ой, сана сияқты мінездік қасиеттер К.-тің генерализациясына әкеледі. Генерализацияланған К. де- геніміз – тұлға өмір сүретін барлық аумақтарда көрініс табатын, тұлға- ның креативтік бағдарлары мен креа- тивтік өзіндік қызмет етуі. А.Маслоу К-ті тек творчестволық қасиет емес, ал нағыз адамгершіліктік қасиет деп атаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *