КӨСЕМСІНУ

КӨСЕМСІНУ – өзін үлкен санап, былайғыларға ақыл-кеңес айтушы, білгішсініп, әрбір істің мән-жайы туралы өзгеге мәлімет беруші адам мінезіндегі ерекшеліктерді сықақ тү- рінде анықтау. К. көпшілікке бас- шылық көрсетіп, өзінің ақылы мен

«даналығын» көрсетуге ұмтылуы. Әдетте мұндай мінез ерекшеліктері К-ген адамды халықтың күлкі-маза- ғына айналдырып, оны келекелейтін болады. «Жол енді құдалардан бас- талсын деп, сөйледі көсемсініп Ұр- қия әжей (Байзақов)».

К. көпшілік арасында жөн-жосық пен салт-сананы білгенсіп, даурыға сөйлеп, менмендігін, өркөкіректігін көрсететін, жағымсыз қылықтары- мен көзге түсетін адамды да осылай деп бағалайды. К. адам өзін көпті көр- ген, өмір тәжірибесімен ысылған па- йымшыл да ақылгөй адам етіп көрсеткісі келеді. Ондай адамдар халық ара- сында данышпан, кемеңгер болуды көздеп қилы-қилы әрекеттер жаса- ғанымен, атақ-құрметке іліге алмай- ды. Өйткені олардың мінезінің жасан- дылығы мен ақыл-ойының саязды- ғын былайғы ел бірден байқайды. Ондай мінездегі жағымсыз қылықты Жамбыл өзінің бір туындысында былай деп мінейді: «Құр кепкеннен пайда жоқ, сөйлеген сөздің данасын» – дейді. К. сынай-мінеудің өзге де түр- лері данасыну (өзін ақылды даныш- пан санау), дандайсу деген, өзін жо- ғары ұстау, асып-тасу дейтін сино- нимдер арқылы да кекесінді түрде айтылады.

К. ұғымына қарама-қарсы түсінік даналық. К. – кемеңгерлікті, ақылгөй- лікті, данышпандықты білдіретін адам мінезіндегі қасиетті игі сипаттар. «Абай- дың өз заманында жұрттан асқан даналығы, бүгінгі бізге қадірлілігі оның халықты сүюшілігінде (Ақынжанов)». Адам мінез-құлық сипаттарының кез келген түрі мен ерекшеліктерінің қа- рама-қарсы түсініктерінің болуы та- биғи нәрсе.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *