КӨРУ ТҮЙСІКТЕРІ

КӨРУ ТҮЙСІКТЕРІ – көру түй- сіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түйсінетін түстеріміз хроматикалық және ахроматикалық деп екіге бөлі- неді. Хроматикалық түстерге кемпір- қосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, көк, қара көк, күлгін. Бұл түстердің арасында хроматика- лық түстердің көптеген белгілері кездеседі. Ахроматикалық түстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан барлық қоңыр түстер жатады. Көру түйсігінің органы көз болып табылады.

Ол негізінен көз алмасынан және одан шығатын көру жүйкесінен тұ- рады. Көз алмасы үш түрлі қабаттан тұрады: сыртқы, тамырлы, торлы. Сыртқы қабаты – белокты, алдыңғы бөлігі ашық шығыңқы аясына өтеді. Сыртқы қабаттан кейін тамырлықа- бат орналасқан, оның алдыңғы бө- лігі түсті қабат деп аталады. Түсті қабаттың түсіне қарай біз көзімізді көк, қара, қоңыр және т.б. деп атай- мыз. Түсті қабаттың ортасында қа- рашық орналасады, ол арқылы көз- дің ішіне жарық өтеді. Қарашық кеңе- йіп және тарылып отырады, ол жа- рықтың күшіне байланысты. Үшінші қабаты торлы қабат көз алмасы- ның бүкіл бөлігінің жоғары жағын алып жатыр. Қарашық пен түсті қа- баттан кейін екі жақты іспектеу кел- ген анық дене хрусталик орналас- қан, онда жарық сәулелері жинақ- талады, сынады және оның нәтиже- сінде торда бейнелеу пайда болады. Қастың бұлшық еттерінің арқасында хрусталик бірде ерекше тегіс болады да, бірде іспектеу келеді. Көретін зат қашықтаған сайын хрусталик түгел- ге дерлік тегіс болады, ал зат жақындаған сайын хрусталик шар тәріздес түрде болады. Көз алмасының барлық іші хрусталик пен торлы қабаттың арасы ерекше ашық сұйық затпен толтырылған, оны әйнек тәріздес де- не деп атайды. Түс және жарық түй- сіктерін алу үшін тордың атқаратын мәні орасан зор. Торда көру жүйкесі- нің тармақтары орналасқан.

Бұл тармақтар ерекше жүйке жасу- шаларының таяқшалар және шақ- шалармен аяқталады. Адам көзінің торында 130 миллионға тарта таяқша мен 7 миллион шамасында шақша кездеседі. Шақшалар әлсіз сезімтал келеді, шақшалардың көмегімен тек ғана күндізгі ашық жарықта көре алады. Бірақ олар сәуле торында бі- рыңғай орналаспаған. Шақшалар сәу- ле торының ортасында орналасады да шеттеген сайын оның саны азая түседі.

Ал таяқшалар сәуле торының шет- терінде болады да ортасына жақын- даған сайын тіптен азаяды. Шақ- шалардың көмегімен хроматикалық түстерді түйсіну іске асады. Сондық- тан да шақшаларды күндізгі түстер- ді көру құралы деп атайды. Таяқша- лар, керісінше, жарыққа ерекше се- зімтал келеді, олардың көмегімен біз түнде, қараңғыда және жалпы әлсіз жарықта көре аламыз. Таяқшалар – қараңғыда көру құралы болып есеп- теледі. Таяқшалар ахроматикалық түстерді ажыратуға бейімделген бол- са, шақшалар неше түрлі хроматика- лық түстерді ажыратуға бейімделген- дігін аңғару қиын емес. Қараңғы түс- кенде біз түстерді ажырата алмай- мыз. Бұл заңдылық бойынша түстерді ажырата алмайтын адамдардың көздерінде шақшалар әрекет етпейді. Олар тек таяқшалар арқылы көреді. Ондай адамдар ымырт түскенде та- уық сияқты ештеңе көрмейді, не өте нашар көреді. Мұны «тауық соқыр- лығы» дейді. Мәселен, күндіз ғана көретін тауық, кесіртке, жылан, кеп- тер сияқты жануарлардың көзінде таяқшалар болмайды да, түнде ғана көретін байғыз, үкі, жарқанат, кірпі сияқтылардың көздерінде шақшалар болмайды. Әрине, басқа түйсінулер сияқты көру түйсінуінде де кемшілік- тер кездеседі. Сонымен қатар көздің ауруы және оның кейбір физиология- лық кемшіліктері қалыпты көру үр- дісіне әсер етеді.

Мәселен, кейбір адамдар заттардың

түстерін ажырата алмайды, көбіне олар қызыл түс пен жасыл түсті көр- мейді. Міне, көзінде осындай кем- шілігі бар адамдарды дальтониктер деп атайды. Бұл типтегі адамдар қы- зыл түс пен жасыл түсті сары түс деп қабылдайды. Сонымен қатар көру түйсігінің кемшіліктеріне кейбір адам- дар жақыннан жақсы көреді де, алыс- тан көрмейді, ал енді біреулері жа- қыннан нашар көреді де, алыстан жақ- сы көреді. Жақыннан көрушілікке де арнаулы көзілдіріктерді пайдала- ну қажет. «Түстерге соқырлық» хро- матикалық түстерді түйсіне және ажы- рата алмаудан аңғарылады. Кейбір адамдарда толықтай хроматикалық түстерге соқырлық кездеседі. Барлық түстерді ахроматикалық қоңыр түс ретінде түйсінеді. Статистикалық мә- ліметтер бойынша, түстерге соқыр- лық ер адамдардың 4 пайызында жә- не әйелдердің 0,5 пайызында кез- деседі. Соқырлық қызыл және жа- сыл түстерге жиі кездеседі. Ал күлгін түстерге соқырлық сирек болады. Түстерге соқырлықтың себе- бі шақшалар жұмыс істемейді, істесе де жеткіліксіз істейді. Жарыққа, түс- терге соқырлық, әртүрлі жануарлар- дың көру органдарын арнаулы зерт- теулер дәлелдегендей, шақшалар мен таяқшалар құралының жеткіліксіз жұмыс істеуіне байланысты. Алыста- ғы және жақындағы заттарды көздің торына дұрыс бейнелендіру үшін көздің хрусталигі бірде томпайып, бірде жалпайып отыруы керек. Зат жақындаған сайын ол томпая түседі, зат алыстаған сайын ол жалпая тү- седі. Көздің мұндай әрекетін акко- мадация (латын сөзі, қазақша «көз үйрету» мағынасында) деп атайды. Екі көз бір көздей болып бірлесіп әрекет етеді, заттың суретін көздің са- ры дағына түсіру үшін олар көріне- тін заттарға қарай бұрылады, мұны конвергенция  (латын  сөзі, қазақша

«жақындату» мағынасында) дейді. Бір көзбен көруді – монокулярлық көру, екі көзбен көруді бинокулярлық көру дейді. Бүкіл сырттан келетін ақпараттың 90% көру түйсіктері ар- қылы қабылданады, тек қана 9% есту түйсіктері арқылы қабылданатын болса, қалған 1% басқа түйсіктері ар- қылы іске асатындығын психологтар дәлелдеген болатын.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, адам- ның көзі жарты миллионнан астам түстердің реңін ажырата біледі. Біз- дің тілімізде барлығы 300-ге тарта түс- тердің аттары кездеседі. Олардың көмегімен қоршаған дүниеден бояу- дың барлық байлығын беру мүмкін емес. Сезім органдарының, оның ішін- де көру, есту түйсіктерінің адамның өмірінде атқаратын рөлі орасан зор. Мәселен, көру, есту түйсіктерінен ту- ғаннан айырылған адамдарда өмір барысында ол түйсіктердің қызметін сипай сезу, тактилдік, діріл түйсіктері атқаратындығын көзі көрмейтін, құ- лағы естімейтін адамдардың өмірі- нен нақты мысалдар келтіру арқы- лы көзімізді жеткізуге болады. Бір кезде есімі әлемге танымал болған, дарынды дефектолог-ғалым, пси- хология ғылымдарының кандидаты, ерекше тағдырдың иесі, Ольга Ско- роходова балалық шағында көз бен құлақтан айырылды, бірақ орта және жоғары білім алды. Бірнеше ғылыми-психологиялық және әдеби еңбектердің авторы, көру және есту органдарынан толық айырылуына қарамастан, бұл еңбектер әлемдік ғалымдардың арасында ерекше қы- зығушылық туғызды. Оның негізгі еңбектеріне: «Мен қалай қоршаған дүниені қабылдаймын» (1947); «Мен қалай қоршаған ортаны қабылдай- мын және елестетемін» (1954,1956);

«Мен қалай қоршаған ортаны қабыл- даймын, елестетемін және түсіне- мін» (1972).

Ол XVIII халықаралық психолог- тардың конгресінде (Москва, 1966 ж.) сөйлеген  сөзінде  былай  деген еді:

«Көру және есту органынан айырыл- ған адам қолымен мүсінді ұстап кө- ре алады, осыдан өзі қанағаттанған- дық сезімге бөлінеді. Мен бұрын да қолдың көмегімен ерте кездің жиһа- зын, киімдерін, өткір бұрыштармен аяқталатын терезелерін, фигуралар мен әртүрлі макеттерді сезіп қабыл- дау туралы жазған болатынмын. Осының бәрі көзі көрмейтін,  құлағы естімейтін адамға эстетикалық тұр- ғыдан қабылдауға мүмкіндік береді. Біз жердің, шөптердің, гүлдердің хош иісін, теңіздің немесе өзеннің иісін, егер олар жақын болса, түйсінеміз. Му- зыканы тыңдау үшін ойнап отырған адамның музыкалық аспабына қо- лымды қойғанда, пырылдап ұйықтап жатқан мысықтың мойнына саусақ- тарымды салсам, мен одан ләззат аламын». Сол сияқты ол найзағайдың қалай күшті күркіреген дыбысын, теңізде шомылу кезінде толқындар- ды вибрация (діріл) арқылы қалай түйсінетіндігін, одан қандай ләззат алатындығы туралы тебірене айтқан болатын. Сол сияқты Ольга Скорохо- дова түсті ажырату, кеңістіктегі су- реттерді, жануарлар туралы түсінік- терді қалай елестететіндігі, оның таң- ғажайып сыры туралы тебірене жазды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *