КӨПЕЕВ МӘШҺҮР ЖҮСІП

КӨПЕЕВ МӘШҺҮР-ЖҮСІП  (1857-1931). XX ғасырдың алғашқы ширегінде педагогика, психология саласында өздерінің соны да сын- дарлы пікірлерімен көрінген қазақ ғұламаларының ішінде М.Ж.Көпеев ерекше орын алады.

Дін оқуынан мейлінше сусындап, кейіннен белгілі фольклоршы-пуб- лицист атанған шежіреші ақын М.Ж. Көпеев Қазан төңкерісіне дейінгі ке- зеңде-ақ әр түрлі тақырыпта бiрнеше кітап жазып шығарған. Оның әлі де баспа бетін көрмеген қолжазбалары қаншама! Бұларда тәлім-тәрбие, пе- дагогика, психология мәселелері, атап айтқанда, сезім мүшелері, ми мен жүрек, қиял, ойлау, бала мен үлкен- дердің қарым-қатынасы, әйелдерге білім беру т.б. қатысты ой-пікірлер көптеп кездеседі.

Мәселен, «Аспан, жер және адам жаратылысы туралы» еңбегінде ол былай дейді: «Дене бір қараңғы үй. Жан сол үйдегі жарық қылып тұр- ған бір сәуле. Әркімнің жаны бір қалыпта, бір түрде болмайды. Сондай болғаны үшін айтылады: «Арық пен семіздің басы бір ме, жақсы мен жа- манның жаны бір ме?»- дейді… Алайда жан бар, дене бар. Екеуі бірінен- бірі жасырын емес, бірақ жан деген мәселені ешкім көрген емес.

Адамның денесі өзіне де, басқаға да көріністе тұр. Жан өзі көрінбейді, бі- рақ белгісі көрінеді, жанның барлы- ғы соңынан танылады. Барлық белгі- сі – адамда бір нәрсені ойына салып ойлау бар, сезу бар. Ойланып сезген нәрсесін орындап, орнына келтіру бар. Жылынады, тынығады, бір нәр- сені жақсы көреді, бір нәрсені жек көреді. Міне, осындайлар – жанның барлық белгісі… Денедегі жанға се- рік болуға жарайтұғын нәрсе – қан». М.-Ж.Көпеев айналадағы дүниені танып білу үшін көз бен құлақтың зор маңыз алатынына тоқталады. Көз мимен жалғасып жатады. Ол миға сыртқы дүниедегі әртүрлі нәрселер- ден ақпарат әкелуші дәнекер рөлін атқарады. Танымның келесі бір түрі адамның бір көрген нәрсесін қайта жаңғырту қабілеті. Көпеевтің тілі- мен айтсақ, бұл сырттан келген нәр- сенің бәрін жазып отыратын хатшы іспеттес аппарат. Танымның үшінші түрі – аппараттың дұрыс-бұрысты- ғын тексеріп, бақылаушы мидың әре- кеті. Мұның төртінші түрі – кісінің көрген-білгеніне қоса көрмегенін де тануға жәрдем беретін ішкі таным- ның, яғни қиялдың мазмұнымен үй- лесіп келеді.

Қиял неғұрлым ұшқыр да, аумақты болса – таным соғұрлым тереңдей түспек. Қиялда елестетудің де мәні зор. …Адам танымы бес бастаудан нәр алатын асау өзен іспеттес. Оның бірі – көру, екіншісі – есту, үшіншісі – түйсіну, төртіншісі – иіс сезу, бе- сіншісі – дәм… Сезім органдарына тек тап-таза бейнелер ғана келіп түспейді, сонымен бірге бұған ескі-құс- қысы аралас, тіпті лас нәрселер де келеді. Ойлау оларды сұрыптай оты- ра жарамдыларын ғана қабылдап, жарамсызын шығарып тастайды… Тіл – ой маржаны, ойсыз тіл жоқ… Арман – сөздің қаймағы, нәр тұзы. Қиял – өмірдің гүлі, әдеміліктің мә- йегі. Қиялсыз адам – дәрменсіз. Қиял мен арман үміт пен тілек ақылды дамытып, дүниетанымды кеңейтіп, ойды тебірентіп толқытады.

Осындай қиял ғана мінез-құлықты түзетіп, кісіні адамгершілікке, иман- дылыққа тәрбиелейді… Егер біреу бақытсыздыққа душар болса, екін- шісі оған көңіл айтып, қайғысын бө- ліседі. Ал қуаныш пен шаттыққа  кенелген кісі дәл қайғыға ортақтас- қандай болмайды. Өзгенің қайғы- қасіретіне шын мәнісінде ортақтаса білу үшін тәрбие барысында біртін- деп қалыптасқан адамгершілік қа- жет… Ғұлама ақын ерік-жігер туралы айта келіп, еркі күшті адам алдына қойған мақсаты жолында ештеңеден қайтпай, талабынан бас тартпай, үміт үзбей, ұсақ-түйекпен айналыспай, жоқшылыққа мойымай әрекет етеді. Жігерлі жан тыныш өмір сүре алмай- ды, оның тыныс-тіршілігі ылғи да талас-тартыс пен күреске толы, өйт- кені кісінің бар арманы мақсатқа же- ту жолына бағытталады. Көп жағ- дайда оның мақсат мүддесі, талап-ті- легі өзгелердің қалауымен үш есе бермейді, оның алдына кесе-көлде- нең тұрып, қалаған жолына кедергі келтіреді.

Мәшһүр-Жүсіптің пікірінше, бейғам- дық та әр түрлі. Бейғамдықтың бір түрі – айналада болып жатқан нәр- селерге мүлде көңіл аудармай, одан тиісті сабақ алмай, қалай болса со- лай бейғам отыру. Бейғамдықтың келесі түрі – кісінің бір іске ұқып- ты-құнтты болып, өзгелеріне мақұ- рым қарауы. Бейғамдықтың бірінші түрінен үміт жоқ, ал екіншісін аз да болса ақыл-ойды дамыту, ес пен адамгершілікті тәрбиелеу арқылы түзеуге болады. Ақын сондай-ақ қызбалық секілді сезімнің табиға- тын, оның бірнеше түрлері болатын- дығын, ішкі сезімі күшті адам тез әсерленгіш, ұрда-жық келетiндiгiн, мұндай кісінің кейде бақытсыздық- қа да душар болатындығын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *