КӨҢІЛ КҮЙ – индивидтің пси- хикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін бірша- ма ұзақ, орнықты психикалық үрдіс.
- Көңіл күйдің ахуалдық эмоциядан немесе аффектіден айырмашылы- ғы – ол белгілі бір оқиғалардың тікелей салдары емес, адам үшін оның жалпы өмірлік жоспарлары, мүдделе- рі мен күтулерінен туындап жататын, олардың маңызына қатысты алғанда- ғы эмоциялық реакциясы болып та- былады. Қалыптасқан көңіл күй, өз кезегінде, болып жатқан оқиғаларға қатысты тікелей эмоциялық реакция- ға әсер етіп, осыған орай адамның ойларының қабылдауының және мі- нез-құлқының бағытын өзгерте ала- ды. Белгілі бір көңіл күйді тудыра- тын себептердің ұғынылу дәреже- сіне байланысты ол бөлінбеген жал- пы эмоциялық ая ретінде (көтерің- кі немесе пәс) немесе анық сәйкес- тендірілген күй (зерігу, мұң, сағы- ныш, қорқыныш немесе керісінше қызығу, қуаныш, асу, лепіру және т.б.) ретінде өтеді. Өзінің көңіл күйін бақылай алу, оны саналы түрде жөн- ге келтіре білу әдістерін табу және меңгеру тәрбиенің және өзін-өзі тәр- биелеудің маңызды міндеттері болып табылады. Көңіл күйінің себепсіз ауыт- қып тұруы, индивидтің үрейшілдік, орнықсыздық, эмоциялық секілді қа- сиеттерімен астасып, патологиялық негіздері болуы мүмкін;
- адамның мінез-құлқында байқала- тын жалпы эмоциялық жағдай. Көңі- ліне қарап адамдарды: шат, жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы және т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл күй адамға қуат беріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жабырқа- тып жібереді. Кейде адамның көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Көңіл күй сыртқы ор- тадан туындайды. Мыс., адамның қызметі жақсы, ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, көңіл күйі де көтеріңкі болады. Адамның ден- саулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер де көңілге әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да, мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, не орындалса, онда кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісін- ше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып ма- засызданады.