Фольклор және бейнелеу өнері

Фольклор және бейнелеу өнері. Фольклордағы қазақтың халықтық қолөнері – бейнелеу өнеріне жатады. Халықтың тұрмыс қажеті мен әшекей үшін жасаған бұйымдары – әрі практикалық (утилитарлық), әрі эстетикалық функция атқарған. Киіз үйдің жабдықтары, аттың әбзелдері, ыдыс-аяқ, ұзатылар қыздың әшекейлері, т.б. – бәрі осы екі функцияны қатар орындаған. Халықтың қолөнеріндегі мотивтер мен сюжеттер, ою-өрнектер осы заманғы бейнелеу мен сәулет өнерінде пайдаланылады. Ал, халық ертегілері мен эпосының кейіпкерлері, сюжеттік элементтері қыл қалам шеберлерінің туындыларына негіз болуда. Сонымен қатар ұлттық фольклорымыз полиграфиялық мақсатта, кітаптар мен әр түрлі басылымдарды безендіру үшін де пайдаланылады. Қазіргі кездегі живописьте, графикада, гобеленде, жарнамада ұлттық фольклорымыздың көптеген элементі стилизация мәнерінде де көрінеді. Ендеше, фольклор – бүгінгі қоғамның да практикалық, әрі эстетикалық талабын орындауда деп айтуға әбден болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *