Фольклор және театр

Фольклор және театр. Қай халықтың да театры фольклордан бастау алады. Қазақтың ұлттық театры да өзінің пердесін фольклор сюжетіне қойылған ойындармен ашқан. («Алтын сақа», «Еңлік-Кебек»). Мұндай қойылымдарда фольклорлық шығармамен қатар халықтық ойындар, әдетсалттар көп пайдаланылған. Демек, ұлттық театрымыздың туып, қалыптасуында қазақтың драмалық типтегі фольклоры үлкен рөл атқарған (айтыс, жар-жар, шешендер мен билер дауы, т. б.). Театр кемеліне келгенде де фольклордан қашпаған. Елдің сүйікті жырлары мен аңыздары, ертегілері театр сахнасында ұдайы қойылып келеді (М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің пьесалары). Жалпы, фольклор мен театрдың байланысы әдебиетке тікелей қатысты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *