Ертекшілер. Қазақта ертек айтуды кәсіп қылмаған, бірақ ертек тәрбиелік және сейілдік мақсатта айтылған. Әдетте, ертекті кешкілік уақытта, я болмаса аулақта мал жайып жүріп, ермек қылып айтатын болған. Сол себепті кәсіпқой ертекші болмаған (Кейбір халықтарда ертек айтуды күн көріс құралы ретінде айту дәстүрі болған). Қазақ ертекшілері тек ертек айтумен шектелмеген. Олар неше түрлі аңыздар мен әпсаналарды да, шежіре мен әңгімелерді де нәшіне келтіріп баяндайтын болған. Қазақ ертекшілерінің репертуарында өзіміздікінен басқа елдердің ертектері, аңыздаулары орын алған. Соның арқасында мұсылман Шығысының, Үндістанның, Монғолияның, Қытайдың ауызекі әрі кітаби шығармалары фольклорымыздың құрамына еніп, айтушылар үшін де, тындаушылар үшін де төл ертегіміз сияқты болып кеткен. Өйткені ертекшілер бұл кірме сюжеттерді сақтағанмен өзінше, қазақ қауымына түсінікті етіп баяндаған.
Бұл жерде ертекшінің өз шеберлігі мен ертегілік дәстүрдің атқарған рөлі зор болған…