Терме

Терме. Бұл жанр құрылысы мен формасы жағынан өлеңге жатады. Алайда, терме тақырыбы мен мазмұны жағынан іштей ерекшеленеді. Айталық, лирикалы-эпикалық сипатта айтылатын термелер нақты бір оқиғаға, жағдайға байланысты болады. Сонымен қатар терме көбінесе нақылдық, ғақлиялы болып келеді. Міне, осы топтағы терме дидактикалық жанрға кіреді. Мұндай термелердің басты мақсаты – ғибрат беру, сол себепті олардың мазмұны өмірдегі бір ситуацияға, көбінесе адамның мінез-құлқына, әсіресе, отбасының жағдайына байланысты мәселелер болып келеді. Бұл шығармаларда тіршіліктің әр түрлі аспектілері теріліп алынады да, олар кейде салыстырыла, бірде қарсы қойыла, я болмаса қатарластыра баяндалады, соның негізінде нақыл айтылады, адамға ой салынады. Термеде де белгілі бір жағдайда не істеу керек деген сауалға өзіндік жауап беріледі. Бірақ осы таза практикалық ақыл-кеңестер ұйқас сөздермен, келісті әуенмен жеткізіледі, ал бұл қасиеттер термені халықтың сүйікті өнеріне айналдырады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *