Хикаялық дастандар.

Хикаялық дастандар. Сюжеті мен тақырыбы жағынан бұл дастандар біркелкі емес. Мұнда ең басты мәселе – адамгершілік пен адалдық, имандылық пен ізгілік, ал оқиға – осылардың зұлымдыққа, зымияндыққа, арамдыққа қарсы күресі. Әрине, бүл күрес адамдар арқылы жүреді, өйткені жақсы да, жаман да қасиеттер адам бойында болады. Демек, адам типтері қанша болса, мұндағы сюжет те, тақырып та сонша болуы ықгимал. Осыған орай бірнеше сюжеттік топ байқалады. Бір топ дастан ізгілік пен зұлымдықтың күресін бейнелейді («Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», т.б.), екінші топ – әйел затының зор адамгершілігі мен адалдығын («Марғұба»), сонымен қатар өте айлалығы мен аярлығын («Ғаяр қатын») көрсетеді. Енді бір топ адал достық пен таза сезім туралы әңгімелесе («Патшаның ұлы Әбділмәлік», «Шахмаран», «Абу Харис»), тағы бір топ дінді пайдаланып арамдық істейтін адамдар («Болат-Жанат»), алаяқтар жайында баяндайды («Үш аяр»)… Бұлардың сюжеттері ертегіден, кітаптардан, тарихи аңыздардан алынған. Бұл дастандардың мазмұны кейде біршама авантюралық та болып келеді, сондай-ақ ғажайыпты сипатқа да ие.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *