КОНФАБУЛАЦИЯЛАР (лат. confabulo – мылжыңдау) – естің бұзы- луы кезінде байқалатын жалған ес- теліктер. Конфабуляциялардың маз- мұны болуы мүмкін не шынында болған оқиғалар болуы мүмкін, олар бейнелі естеліктер түрінде неғұр- лым бергі уақытқа көшіріледі не- месе аурудың есіндегі ақтаңдақтар- ды толықтырғандай болып, қазір- гіге астастырылады. Әдетте, конфа- буляцияларда аурудың кәсібіне бай- ланысты оқиғалар көрінеді. Кейде конфабуляцияларда патологиялық елестетудің өнімдері (қиялдық К.) көрінуі мүмкін. Конфабуляциялар, әдетте, ойлаудың бұзылуларымен, амнезиялармен қабаттасады және мидың кейбір бөліктері зақымдан- ғанда, психоздар кезінде байқалады.