КОГНИТИВТІК ДИССОНАНС ТЕОРИЯСЫ – америкалық психо- лог Л.Фестингер ұсынған (1957) жә- не адамның мінез-құлқына когнитив- тік элементтер (сенімдер, пікірлер, құндылықтар, ниеттер және т.б.) жү- йесінің ықпалын түсіндіретін батыс әлеуметтік психологиясы тұжырым- дамаларының бірі. Когнитивтік дис- сонанс теориясының бастау қағида- сы: диссонанс деген субъектіде бір объект туралы бір мезгілде қарама- қайшы екі психологиялық «білімдер» (пікірлер, ұғымдар) болатындай жағ- даятта пайда болатын жағымсыз ын- таландырушы күй. Диссонанс күйі субъективтік тұрғыдан қолайсыздық болып ұғынылады; одан диссонанс- тық білімдер элементтерінің бірін өзгерту, не жаңа элемент енгізу ар- қылы арылуға тырысады. Бертін ке- ле Л.Фестингер диссонансты таңдау- ды жете ақтамаудың салдары деп анықтады.
Өз қылығын ақтауды күшейтуге ты- рысып, адам не өз мінез-құлқын өз- гертеді, қылық соған байланысты объек- тіге көзқарасын өзгертеді, не қылық- тың өзі және басқалар үшін маңы- зын кемітеді. 70-жылдары бірқатар зерттеушілер ақпараттық терминдер- дегі «диссонанстық эффектілерді» қайта қарап, каузальдық жүйелердің функция атқаруының жеке бір жағ- дайы деп көрсетті. Бүкіл когнитивис- тік бағдарға тән когнитивтік диссо- нанс теориясының басты кемшілігі – зерттеулердің субъектіге, оның сана әлеміне шоғырлануы, субъект қам- тылған және оның қоршаған болмыс- пен байланысына негіз болатын зат- тық іс-әрекетін жете бағаламаушылық.