КЛИЕНТТІҢ  КЕРІ БАЙЛАНЫСЫ

КЛИЕНТТІҢ  КЕРІ БАЙЛАНЫСЫ – психологиялық кеңестен ке- йінгі, кеңес барысында алынған ұсыныстарды клиенттің орындау үр- дісінде, психолог-кеңесшінің клиент- пен қарым-қатынасы. Мұндай қа- тынастар психолог-кеңесшіні өзінің ұсыныстарының клиентке ықпалы туралы мағлұматпен қамтамасыз- дандырады. Сонымен бірге клиент өз мәселесін шешуіне байланысты қылықтарын түзетуге де мүмкіндік туғызады. Клиентті бағаламау – психолог-кеңесшінің клиенттің тұл- ғалығына немесе қылығына «жақсы» немесе «нашар» деген баға беруден бас тартуы; психолог-кеңесшінің клиентті сол күйінде тұлға ретінде қабылдауға ыңғайы. Клиентке сенім – психолог-кеңесшінің клиентке бар- лық жағдайда сенуге дайындығы мен қабілеті; психолог-кенесшінің клиенттің өз мәселесін өз бетімен шеше алуына сенімі. Клиентпен кез- десу – клиент мәселесін толық ше- шуге психолог-кеңесшіге қажетті (ап- та, айлар немесе жылдар) белгілі бір уақыт ішіндегі психолог-кеңесшінің клиентпен кездесулерінің жалпы саны. Клиентпен бейресми жағдай – психолог-кеңесші мен клиенттің бір- бірімен қатынасы мен бір-бірін қа- былдаулары барлық жағынан тең құқылы адамдар ретінде, бір-бірімен ресми түрде емес бұрыннан жеткі- лікті  дәрежеде  жеке  таныс адамдар сияқты өтетін жағдай. Клиентті қол- дау – психолог-кеңесші тарапынан клиентті эмоционалдық, сөздік қол- даулар. Мұндай қолдаулар ниет біл- діру, есіркеу, жан ашу, уайымына ортақтасу, мақұлдау, ұнату, көңіл ай- ту, тілектес болу, мадақтау т.с.с. ар- қылы білдіріледі. Интерперсонал- дық сапалар – клиентпен жекелік қатынасында көрініс беретін психо- лог-кеңесші мінезінің психология- лық қасиеттерінің жиынтығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *