КЕШІРІМДІЛІК

 

КЕШІРІМДІЛІК – адамның оқыс істері мен әлеуметтік өмірде, қоғамға зиянды іс-әрекет жасап, залалды іс- терінің мән-жайын түсіндіріп, оған гуманистік тұрғыдан қамқорлық көр- сетіп кеңшілік көрсету. Белгілі қоғам- дағы мемлекеттік жоғары билік орын- дары әлеуметтік өмірдегі зиянды әрекеттермен, қылмысты істермен айналысқан адамдарға лайықты жа- за қолданумен бірге, оны қайта тәр- биелеп жөнге салуға болады деп тап- са, оған кешірім жасалады. Ал күн- делікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтарына да К. жасалып оған дұрыс жол-жосық көрсетіледі. Айы- бын мойнына алып, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адам- ға да К. жасалады. Кешірім сұрау – әрбір адамның өзі жіберген қатесін мойындауы. «Қатемді кейін аңға- рып, командирден кешірім сұрадым – деді ол (Мұқанов)». Кешірім сұрау – ақылдылық пен кісілік қасиет. Ал К. – гуманистік көзқарас. Адамның өзі жіберген қатесі мен оғаш істерін ой- санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіретін ерік-жігер қасиетін біл- діреді. К. қоғамдағы азаматтардың болашағына саналы түрде сенім ар- тып, олардың қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, болашағына сенім артудың көрінісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *