КЕҢЕС  БЕРУ,  ОНЫҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫ

КЕҢЕС  БЕРУ,  ОНЫҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫ – психологиялық кеңес бе- руді өткізуге жұмсалатын бір күн ішіндегі уақыт немесе уақыт аралы- ғы; психолог-кеңесшінің клиентпен жұмыс істеуге жұмсаған уақыт мөл- шері. Кеңес берудің диагностикалық кезеңі – клиенттің психолог-кеңес- шіге өз мәселесін айтуы, ал психо- лог-кеңесші оны зейін қойып тың- дап, талқылап, мәселені клиентпен бірге нақтылап, оған  психологиялық диагноз қойып, керек болған жағ- дайда клиенттің өзіне психодиаг- ностикалық зерттеу жүргізіп қарай- тын психологиялық кеңес берудің үшінші кезеңі. Кеңес беруге іскер- лік қатынас – психологиялық кеңес жүргізбестен бұрын клиентпен ке- ңес жүргізудің барлық жағдайлары айтылып, келісіліп алынады; уақы- ты, орны, күтілетін нәтижелер, шы- ғыны және басқа да мәселелері. Ке- ңес нәтижесінің объективті белгіле- рі – психологиялық кеңестің табыс- ты (ойдағыдай) өткені туралы объек- тивті бағалау (психолог-кеңесші мен клиентен басқа да) байқаудың нә- тижесінде және айналадағы адам- дардың растауымен дәлелденетін шы- найы белгілер. Кеңес нәтижелілігі- нің сыртқы белгілері – психология- лық кеңес жүргізу нәтижесінде бола- тын клиент қылығындағы елеулі сырттан көрініс беретін оң өзгерістер. Кеңес нәтижелігінің ішкі белгілері – психологиялық кеңес өткізу нәтиже- сінде, клиенттің психологиясы мен қылықтарындағы елеулі жағымды өзгерістердің пайда болуы. Кеңесті ұйымдастыру орны – психологиялық кеңес өткізетін арнайы жабдықтал- ған орын не бөлме. Кеңес беру тә- жірибесі – психологтың кеңесші ретінде жұмыс істейтін жалпы уақы- ты; психолог-кеңесші ретінде әртүр- лі мәселелермен, клиенттермен ат- қарған ісі; психологиялық кеңес беру кезіндегі жетістіктері және сәтсіз- діктері. Мұның ерекшелігі – кеңес уақытында болатын мәселелер және клиенттің психологиялық кеңеске өтініш беру фактісі бөгделерден құ- пия түрінде сақталады. Кеңестің бақылаушы кезеңі – психологиялық ке- ңестің аяқталу кезеңі. Бұл кезеңде психолог-кеңесші және клиент мәсе- лені шешуде алынған практикалық ұсыныстардың орындалу нәтижесі бағаланады. Сонымен қатар психо- лог-кеңесші және клиент бір-бірімен қай жерде және қай уақытта қосым- ша кездесуге келіседі. Кеңесті икем- деу кезеңі – психологиялық кеңес өткізудің келесі кезеңі. Бұл кезеңде психолог-кеңесші клиентпен бірлес- кен жұмысты бастау үшін бір-бірі- мен келісіп, мәселені шешуге ортақ- тасып дайындалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *