ЙОГА – (санскр. yoga – қосылу, ой- ларды шоғырландыру, аңдау) – адам- ның тұлғалық кемелденуінің ежелгі үнділік діни-философиялық жүйесі; зейінді барынша шоғырландыру есе- бінен психиканы өзгертуге бағыттал- ған психо-физикалық жаттығу жүйе- сімен байланысты. Йоганың ең ежел- гі нысандары бастапқыда ведда ді- нінің шеңберінде дайындалып, оның жоралары абыздардан зейінді белгілі бір бейнелерге үдете шоғырландыру- ды талап етті.
Тиісті әдістердің белгіленуі арқылы
«сегізмүшелік Й» классикалық жү- йесі жасалады. Бұл орайда шәкірттің жаттығуы 8 кезеңнен өтеді:
- қылықтарды бақылау (күштеуші- лікке бармау, шыншыл болу, ұрлық- қа жоламау, сұғанақ болмау, нәпсіге ермеу);
- өзін-өзі тежеу (тазалық, қанағат- шылдық, аскеттік жаттығулар, қасиет- ті мәтіндерді дауыстап қайталау, құ- дайға жалбарыну);
- денені дұрыс ұстау (84 «аспаннан» тұратын жүйе);
- тыныс алуды бақылау (пранаяма) – тыныс алу ырғағын біртіндеп баяу- лату әдістерінің жиынтығы; йоганың түсініктерінде барлық психикалық процестердің, ең алдымен, ойлаудың ыр- ғағы осы тыныс алумен байланысты;
- сезімдерді тежеу – шоғырлану, шо- му мақсатында сыртқы сезімдердің қызметін тоқтату;
- зейінді сыртқы бір (шағын) объек- тіге шоғырландыру;
- медитация – зейінді шоғырлан- дырудың ең биік дәрежесі, объектіге
«сіңу» күйі;
- транстық медитация (самадхи) – зейіннің шомуы арқылы Мен-ді се- зінуден қалу.
Транстық күйдің екі типі саралана- ды: 1-ші жағдайда объектіні сол кү- йінде түйсіну әлі қалмайды, 2-ші жағ- дайда субъекттің белсенділігі өзіне- өзі тұйықталып, объект туралы түсі- нік атаулы ғайып болады. Психофи- зиологиялық жаттығудың бұл атал- ған түрі раджа-й деп аталады.
Мұнымен қатар азды-көпті ықшам- далған жолдар сипатталады:
ұстазбен (не құдаймен) эмоциялық байланысты қалыптастыру – бхакти-й; жоралық іс-қимылдар жасау – карма-й және т.б.Йога жүйесі бойынша жат- тығу адамның психикасында терең өз- герістер жасауға тиіс.Бұған йогтар- дың ішкі ағзалардың қызметін рет- теу, ыстық пен суықтың ең шеткі ша- маларына оңай төзу, тамақсыз және ауасыз ұзақ уақыт шыдау және т.б. қабілеттері жатады.Сонымен қатар йога мәтіндеріне жүйені тұтас түсі- нуді қиындататын бірқатар мифоло- гияландырылған түсініктер енген. Йоганың жағымды жағы психикалық функцияларды жаттықтырудың ға- сырлар бойғы тәжірибесі сараланып пайдаланғандығында, алайда бұл адам психикасының табиғаты туралы мис- тикалық және иррационалдық түсінік- термен қабаттастырылған.Дұшпан күлдіріп айтады» дейтін қағи- даны басшылыққа алған жөн. Оның байыбына барып, мағынасын терең түсінген жөн.