ӘМИНА

ӘМИНА (576 ж.ө.) — Мұхаммед пайғамбардың анасы. Ол Құрайыш тайпасындағы аса құрметті жандардың бірі болған. Дәулетті, өсіп-өнген текті әулеттен шыққан. Пайғамбардың әкесі Абдаллаһ ибн Абд әл-Муталиб ұлы дүниеге келердің алдында екі ай бұрын Сирияға сауда-саттық шаруасымен барып келе жатып, жолда Медине қ-нда қайтыс болыпты. Ә. көп ұзамай босанып, өмірге жаңа пайғамбар келеді. Жеті күн өткізіп бабасы Абд әл-Муталиб Құрайыш адамдарының басын қосады. Түйе сойғызып, той кәдесін жасайды. Нәрестенің атын Мұхаммед қояды. “Неге бұлай атадыңыз?” деп сұрағандарға: “Мен оны көкте — періштелер, жерде — адамдар мақтау айтсын деп қойдым” деген екен. Ә. баласы 6 жасқа келгенде нағашыларына таныстыру үшін төркін жұртына Ясребке (қазіргі Медине қ.) барады. Соңда бір ай болып, Меккеге қайтып келе жатқан жолда Алиуа деген жерде Ә. қатты ауырып қайтыс болады. Сол маңға жерленеді. Ә-ның қасында көршісі Айман ана бірге жүрген екен. Мұхаммедті сол кісі Меккеге алып келіп, бабасы Абд әл-Муталибтің қолына табыс етеді. Бабасы 80 жасқа келіп дүние салғанда, Мұхаммед 8-де екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *