Мырзабек Құдайберлі Рахімбекұлы

Мырзабек Құдайберлі Рахімбекұлы

(1964)

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақан ауылында дүниеге келген.Көкшетау университетін және «Көкше» академиясын тәмамдаған.

Еліміздің әдебиеті мен өнеріне, қоғамдық өміріне өзінің табиғи дарынымен және қоғамдық белсенділігіменеңбек сіңіріп келе жатқан тұлға.Мемлекеттік тілдің жанашыры.

2012 жылдың мамыр айынан бастап М.Ғабдуллин музейінің директоры болып қызмет атқарады. Кеңестер Одағының батыры, академик-ғалым әрі жазушы, белгілі қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин музейінде көптеген жаңашыл жобаларды енгізіп, дәстүрлі түрде жүзеге асыруда.

Көкшетау аумағында бірнеше мәрте өткізілгентарихи-танымдық, мәдени-көпшілік іс-шаралардың, түрлі жобалардың авторы және ұйымдастырушысы.

 

***

Жоғалтқаныңды сүрінген жеріңнен ізде

***

Мақсатсыз адам адаспайды, қаңғырады. Өйтені нысанасы жоқ.

***

Қазаққа        атасының        атын        ұрандасаң     айдаһардың        алқымына жармасады. Өйтпеген қазақтың түбінде шикілік бар.

***

Мылжың шаршатады, шешен тебірентеді.

***

Өзін қадірлемеген ұлт, халық бола алмайды. Өзін танымаған ұл алып бола алмайды.

***

Анасы әкесін беттен алып отырған үйден жақсы келін шықпайды.

 

***

Төрінде домбырасы бар үйде қазақылық үстем болады.

***

Араптың тілін жаттағаннан, Алланың дінін түсінген абзал.

***

Пияр қиялдан озды.

*** Еңбек елде қалады, атақ билікте кетеді.

***

Жауға кеткен қыздан жауынгер тумасын деп тіле.

***

Қызды қытай алғанша, құдай алғаны жақсы.

***

Қазақтың ері көп болмағанда, жері көп болмас еді.

***

Адам симайтын жүрекке Алла кірмейді.

***

Ұлтты сақтау мен ұлтты сатпау деген бір сөз.Ұрпақ тәрбиесі осыдан басталу керек.

***

Құдайдан        қорқатын,        халықтан        ұялатын        адамды        жамандау қиянат.Ондай қиянатты осы екеуі жоқтар ғана жасайды.

***

Өз ұлтын өзге қауымға мақтан ете алмайтын басшы, қара басына ғана мирасқор.

*** Кеудесіне нан піскен пенденің, рухы көбік болып кетеді. Қазақша білмейтін қазақ, қазақты білмейтін қазақ.

***

Мамырдағы гүл-гүл, тамыздағы гүл қурай.

***

Қазығың -құран, қазынаң — домбыра болсын, балам. Сыйдың дәрежесі арақ емес, діннің дәрежесі балақ емес.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *