Шаһизада Әбдікәрімов
(1957)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Жаңажол» ауылында дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері. «Ерен еңбегі үшін», «Байқоңыр ғарыш кешенінің игерудің 50 жылдығы»,
«Қызылорда қаласының 190 жылдығы» медальдарының иегері.
***
Кірпігімнен Айды ұзатып түнімен, Бұрылсын деп оңға ісім,
Оңашада өз кеудеме үңілем,
Бүтін бе деп бесіктегі болмысым.
***
Жаныма, арым, құтпан бол,
Жаза бассам, кіреукемді оқ бұзсын! Бесігімнен шыққан жол
Бейітіме аман-есен жеткізсін!..
***
Аңырап қарап халқым тұр, Нұсқаулар көпте, нұсқа кем. Абақтыдағы алтын тіл
Аузымды бұзып шықса екен!.. Жүргенде тойда «кісі» боп, Жыртылды қанша … –Жағам жоқ! Өз-өзін атып үш рет,
Іздеусіз кеткен ағам көп!
***
Ей, тұтасым, бағытыңды бағамда,
Күмілжімей даусыңды қос заманға!
***
Дүниенің демі қайта тарылып, Демігеді қаралы ару пішінде. Қопарғыштар жатыр бүгін жарылып, Саясаттық сарайлардың ішінде.