Тұрсын Жұртбай
(1951)
Ақын жазушы, ғалым, публицист. Қазақстан Жазушылар одағының Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Алаш» және І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты.
***
Бiлiм – ғылым емес. Кез-келген бiлiмдi адам – ғалым емес.
Сондықтан да бiлiмдi адамды–оқымысты, ғалымды – ғұлама деу лайық.
Оқымысты – бiлiмнiң иесi, оқыған, тоқыған, алайда соларды қорытып, өз ойымен жаңа тұжырым жасау дәрежесiне көтерiлмеген. Ғұлама – тұлға. Ол дербес ойлау жүйесiнiң иесi.
*** Даналық — тумысынан бiткен түйсiк пен зейiннiң мәйегi.
Ұлылық –тумысынан бiткен зейiннiң нәтижесi.
Даналық –тумысынан, ұлылық –зейiн тәрбиесiнен қалыптасады.
Яғни:
Дана – дана болып туады;
Ұлы – ұлылыққа өзiн-өзi тәрбиелеумен жетедi.
Өзiн – өзi ұстамаса, белгiлi бiр мақсат үшiн күреспесе, ойын дамытып, мiнезiн ұштамаса: Данадан – дәндүрiс, Ұлыдан –қу шығады.
Абайдың: «егер ақыл – мiнездiң сауытына сыймаса – пайдасы жоқ», – деген емеурiнi соны бiлдiредi.
Абай – дана.
Әуезов – ұлы.
***
Мемлекет пен қоғам – ешқашанда ымыраға келмейтiн адамзаттың ақыл–ой тарихындағы ең әдiлетсiз, бiрақ ең қажеттi табиғи қарамақайшылықтың сахнасы.
***
Ақымақтар билеп, ақылдылар азап шеккен қоғам – болашағы бар қоғам. Ал, ақылдылар билеп, ақымақтар өмiр сүрген қоғам – келешегi кесiлген қоғам.
Өйткенi: алғашқысында – рухы күштiлер мен ар-ұяты, намысы барлар;соңғысында – тiрi өлiктер мен масылдар өмiр сүредi.
***
Жатқа жақсы атты көрiну үшiн жасаған жақсылық – өзiңе қиянат;досыңа жақсы атты көрiну үшiн жасаған жақсылық – оған қиянат.
*** Өлiм – өмiрiңе берген соңғы есебiң.
***
Ол – адамдардың iшiндегi ең азғыны, бiрақ, есектердiң iшiндегi нағыз адамы сол. Тек құлағы мен тiлiн ауыстырып алған.
***
Ол – тiлiн сорып, миын қоректендiредi. Ал анау – миын сорып, тiлiн асырайды.
***
Ақымақ — ақылдың қайрағы.
***
Мәңгiлiк меншiктер:
Жаның – Алланiкi,
Жүрегiң – елiңдікi,
Ар-намысың – өзiңдiкi,
Азап – ақылдынiкi, Рахат – ақымақтiкi, Көр – жердiкi.
Жер, соның бәрiн жер.
***
Шайпауды – шайтан жеңедi, Шайтанды – қатын жеңедi.
***
Жетiм жыласа – жер жылайды.
Ер жыласа – ел жылайды.
Жер – жетiмдi жұбатады.
Ел – ердi жұбатады. Ер – кiмдi жұбатады?
***
Таққа – бақ бас иедi, Баққа – тақ тас үйедi.
***
Бiр ауыздан – жалын да шығады, жаның да шығады.
***
Тәңiрден – Тәубе, Алладан – Аян.
Пайғамбардан – Пәтуә, Адамнан – Иман бұйырсын.
***
Көңiлдi – өмiр жылатады, Өмiрдi – көңiл жұбатады.
***
Бала – ата-ананың қолындағы ұлтының болашағының аманаты Ата-ана – Алланың пайғамбарға берген аманаты. Ал исi адамзат – Алланың өзiнiң аманаты.
***
Қарашығымен – көз қымбат, Сарасымен – сөз қымбат.
***
Көңiлдiң күбiрткiсi – күмән Өмiрдiң күбiрткiсi – күншiлдiк.
***
Ақымаққа – ем қонбас, Ащылы қаққа – ел қонбас.
***
Iлiмнiң iлхамы – игiлiк, Ғылымның ғибыраты – тұңғиық.
***
Ер жаңылса – көрешегiн көредi, Ел жаңылса – келешегiң өледi.
***
Жақсылық та, жамандық та – ниетiңе қарай кезiгедi. Сондықтанда: Жақсылықтың алды – құт, Жамандықтың алды – жұт.
***
Ақылдыға қонған бақ – бақ, Ақымаққа қонған бақ – сор.
***
Сырласқанмен – сырласпа, Сырын ашқанмен – сырлас!
***
Ұятсыздан – ит қадiрлi!
***
Махаббат – сүйдiредi, Нәпсi – күйдiредi.
***
Қадырсыздан – ит қашар, Сабырсыздан – құтқашар.
***
Ез – елдi жасытады, Әйел – ердi жасытады. немесе мұны: Елдi жасытатын – ез, Ердi жасытатын – әйел, – деп те өзгертуге болады.
***
Жақыныңның қаңсығын тегiн алғанша, Жауыңның таңсығын жеңiп ал.
***
Анау сақалды:
Бетiне шыққан ұятын жасыру үшiн қойды.
Мынау сақалды:
«Бетсiз екен»,деп айтпасын деп қойды.
Ол сақалын: – Бетiндегi тыртығын жасыру үшiн қойды.
Сонда қайсысының сылтауы орынды? Ал, осы мен не үшiн сақал қойдым?
***
Дауасыз дерт – дененiң соры.
Кесiрлi келiн – ененiң соры.
***
«Адам бол!» – деме! Әуелі өзің адам болып көрші! Қалған ақылды содан кейін барып айтарсың.
***
Сенің шамаңды өзгелер біледі-ау, бірақ, өзіңнің шамаңды өзің білмейсін-ау депқауіптенемін.
***
Сүйкіміңнің кеткенін білу – өте ауыр, ал сүйкімсіздігіңдісезбеу – қасірет!
***
Сенiм – даналардың,
Күдiк – ұлылардың, Шындық – тұлғалардың сыбағасы.
***
Байлығыңды жоғалттың ба – ол тек қана орынсыз жұмсаған шығының! Арыңнан айрылдың ба – онда бәрiненжұрдай болғаның! Намысыңды жоғалттың ба – онда ештеңенi iздеп, еш нәрсеге өкiнiп әуре болма! Өйткенi сен ендi тiрi өлiксiң!
***
Сен – қусың, бiрақ сенен де өткен қудың қуы барын ұмытпа!
***
Дос iздеме, досыңды iзде!
***
Жомарт – аз бергенi үшiн қиналады, Сараң – көп алмағаны үшiн қиналады.
***
Астафир – алла! Мынаның бетi деқарын боп кетiптi-ау!
***
Тiле! Тiле де iске кiрiс. Тiлеуiңе жетесiң! Тiле және тiле! Тағы да тiле! Бiрақ iске кiрiспесең – тiлеуiң кесiледi. ***
Ол қарынымен тыңдап, қимасымен қорытады.
Ең ұзақ әрi ең мағыналы, ең қиын және ең оңай сөз – «Иә» мен «Жоқ» деген сөздер. Кейде осы сөздi есту үшiн өмiр бойы жол жүруiңе тура келедi.
***
Қателiгiмдi көзiңше айтып, сынаған адам – әкеммен тең; жақсылығымды сыртымнан айтқан адам – досыммен тең; қателiгiмдi сыртымнан айтып, көзiмше мақтаған кiсi – дұшпаным.
***
Қабiлетiң мен талантыңның мүмкiндiгiн пайдаланбау – азаматтық сатқындық.
***
Ала аяққа екi өмiр берiлсе – екеуiн де аталап бiтiрер едi.
Ақымаққа екi өмiр берiлсе – бiрiнен-бiрiн сорақы етiп өткiзер едi. Ақылдыға екi өмiр берiлсе – сөзсiз бiреуiнен бас тартқан болар едi.
***
— Осы сенiң ақылың бар ма? — Бар.
— Әй, қайдам, соған күдiгiм бар.
— Неге?
— Өтiрiк айтып тұрғаныңды бiрден түсiнуiң керек едi ғой.
***
Ұлылық – көпке, Даналық – жалғызға бұйырған.
***
Бақытыңды өзгемен бөлiсе жүрiп бақытқа жетуiң мүмкiн, ал өзгенiңбақытына қол сала жүрiп бақыт