Серік Тұрғынбекұлы
(1945) Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Күлтегін» күміс медалінің иегері.
***
Алатаудың ұшарына көз тіксең, басыңдағы тақияңды абайла.
***
…Басында шырқау шыңның қар жатқанда, үміт үзбеу керек қой бұлақтан да…
***
…Тірлік ішек-қарнымды тырналап жүр бейкүнә баяғыда атқан құсым.
***
Қайта жану қиын болар бір сөнсең, қайта еру қиын болар мұздасаң.
***
Нағыз ақын алпысында алдырмас, Желе шауып жетпісінде шалдырмас. Сексенінде секем алып, сыр бермес,
Тоқсанында топта қапшы салдырмас.
***
Көкте бұлттар жортқанда жауады деп қорықпаңдар, Бәрін болжап білетін көкіректі қарттар бар.
Сапасы жоқ саны бар тірліктің не кінәсі бар?!
Қабағынан қарттардың тағдырыңды танып ал.
***
Ойсыз өмір – уайым, ойсыздықтан құдайым әрқашан да сақтасын!
***
Махаббатпен ойнама, аяғыңды әлтек-тәлтек бастырар.
***
Сүйген жүректің қадірін сезе білгендер төзе де білер азапқа!
*** …оңай ма екен ойланғанға –
Арманға арғымақпен жетем деген.
***
Әйел сүйсе – махаббаттың сен адал құрбандығы!
***
Өкінерсің, опынарсың, жыларсың,
Аһ ұрарсың, арпалысып тынарсың.
Ақырында … айтып-айтпай не керек. Ақыретке бұйырар жер – бір орын.
***
Талайларды жылатқан еңіреткен өмір – асу, өмір – бел, өмір – өткел!
***
Жер – біздің туған Анамыз, Анасын адам сата ма?!
***
Тәуелсіздің болмау үшін сөз ғана
Ұйқыңды тый, күлкіңді тый, бозбала.
***
Адамдарға нысап берсін Тәңірім!
***
… Өткен күнге өкпелеп жүрген халық өткен күнін бір кезде сағынады!
***
Қазақ тіліне қан керек!
***
Қайран тілім! Кеудең толы қайғы-мұң, Жауға шапсам, өзің елдің Айбыным! Алтын емес, күміс емес, сен едің
Бабаларым беріп кеткен Байлығым.
***
Тілек біреу, тап келсе қайғыда ортақ, Құт, қазына, береке, байлық – ортақ.
Ел ортақ – арман-мақсат бірге болса, Жер ортақ – аспандағы Ай, күн ортақ.
***
Қылмыстыға атқан таңның өзі де қорқынышты!
***
Денеңе денем тигенде,
Ұмытып кетем мұң барын!
***
Жел болсаң – шалқуың керек, көл болсаң – толқуың керек, бұлт болсаң – жаууың керек, от болсаң – жануың керек. Ал егер … қара жер болсаң – мәңгілік қалуың керек!
***
Бақ заманның бастамасы болдыңдар, соғыстан соң дүниеге келгендер!
***
… Нығарлап аяғыңды ал дұрыстап, сенім деген жалауды бекем көтер!
***
Өлтірмей мені келеді өмірге деген құштарлық.
***
Алатауға бір қарап көтеремін еңсемді!
***
… Аққуларды атпайды Адамдардың аққуы.
***
Тіршілік тоқтамайды… түлей бермек өмірде әйел барда, ана барда!
***
Соғыстың заңы түсінген жанға тым қатал, Таң атар талай, түк білмегендей күн батар… Соңынан барып қайғы мен зарын тыңдатар.