Темірхан Медетбек

Темірхан Медетбек

(1945)

Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

***

—                 Жұрттың қалай екенін қайдам, мен үшін адамгершілік, ар-ождан экологиясы барлық экологиялардың түп-тамыры, түпқазығы сияқты.

Өйткені адмагершілік, ар-ождан экологиясы тазармай, сол экология сауықпайды деп білем… олардың орнын бойкүйездіктің батпағы мен немкеттіліктің ақ сортаң топырағы жайлап бара ма деп қорқам.

***

—                 Не болғанда да, қазір адыраңдаған «оңбаған» деген сөздер сөбейіп, жайраңдаған «айналайын» деген сөздер азайып, тартылып барады.

***

—                 Заман мен уақыттың кесек-кесек сөздерімен сөйлеп тұрған қадірлі кабинеттер бар.

***

—                 Иә, өлең деген қызық қой. Сол нәрсеге де сергек, ояу!

***

—                 Иранбектің баласы, маңдайындағы жалғыз ұлы қайтыс болыпты. Ауыр қаза. Бірден үйіне бардым. Бүкіл үй-іші еңіреп тұр екен. Жылап жібердім!

***

—                 Дүкенге анда-санда бірдеңе түсе қалса, сол жерде адамдар тізбегінен ұзыннан-ұзақ шұбалып, денесі толқып шиыршық атқан алып айдаһар пайда болады.

***

—                 Махамбет қазақ халқының ашу-ызасынан, кек пен намысынан жаратылған.

***

—                 Рухты ел ғана ешкімге кеудесін бастырмайды, жағасынан алдырмайды!

***

Рухты ел қарағайға біткен бұтақтан қайратты!

Рухты ел еменнің иір бұтағындай берік!

Рухты ел найзағай бұтақтарындай жалт!

Рухты ел бөркін шың басындағы бұлттай оқшырайтып киетін асқақ!

***

—                 Алтынан соқса да бұғаудың аты бұғау!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *