Қойшығара Салғараұлы

Қойшығара Салғараұлы

(1939) Ақын, жазушы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Қостанай облысының Көкалат ауылында туған.

 

***

Елім деген ізгі оймен, Тазарсын ішкі сарайың!

*** Тарих – ұлы ұстаз.

***

Елді көреген көсем басқарса, Елдің естісінің бағы жанады. Елді көркеуде надан басқарса, Елдің естісі есінен танады.

***

Сана түзелмей, іс түзелмейді.

***

Ұлттық сана – ұлттық дүниетанымға негізделеді.

***

Халықтың тамыры – дәстүр.

***

Мәңгүрт дейміз, жазғырамыз жастарды, Ал соларды мәңгүрт қылған өзіміз.

***

Өз ұлтына деген құрметтің көрсеткіші – ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты.

***

Ұлттық намыс – азаттықтың жаршысы, құлдықтың қас жауы.

***

Дәстүр бұзылған жерде халықтың халықтығы бұзылады.

*** Тіліміздің тағдыры – біздің өзіміздің тағдырымыз.

*** Халық деген – өзіміз. Өзіміз өзгермесек, өмір де өзгермейді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *