Фариза Оңғарсынова
(1939-2014) Қазақтың талантты ақын қызы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
*** Көк мөлдір көгім – ағалар!
***
Тіріде сап сан бүлікті, өлгеннен соң жоқтаған
Ал осы бір заңдылықты құртар заңың жоқ па, Адам?
***
Құрбандықсыз келмейтін жеңістердей, Жазылса жыр ақынның қаныменен, Ескерткіштей сол ғана нағыз өлең.
***
Есейіп ерте білдік пе өмірдің дәмін татып біз:
Ежелден мына тірлікте сезімтал жандар бақытсыз.
***
Даламыз жазық болса қанша біздің,
Сондай кең пейіліміз де баршамыздың.
***
Білмесең таны, досым, жақын барып, Шетінен қазақ деген ақын халық.
***
Мақтауға ол мейлі тұрмасын, болмасын дана тұлға шын – Сүйікті болу, сүю хақ, адам боп жаратылғасын.
***
Жыр сөзі – шындық сөзі.
***
Азамат атқа шапқанда қыспаса жұрты тақымын, Күңкілдеп тұрса ақырын береке кеткен ел болар.
Дұшпанға таба, жем болар, тасқынның алдын тоспаса, алапат асау сел болар…
***
Жол – дария, тұрмайды ағын ұрмай.
***
Жыршы емес, елдің жүгін тарта алмаса,
Таңдайға алмас сөзді, арқандаса, Іштегі буырқанған жай тасқыным Жасқанып, ақтара алмай жалтаңдаса!
***
Жалғыз қалар міні жоқ дос іздеген.
***
Айыптама ерсі деп мұңымды, ана:
Заман жаңа бұл күнде, ұғым жаңа, Киім жаңа, түр жаңа. Тексіздіктен
Сақтап жүрген мені тек тілім ғана!
***
Біледі адам тамсанса таңдай кеуіп, Тамшы судың қадірін сонда ғана.
***
Жалған достар ертең жоқ, бүгін бірге
(Көрмегендей сыртберер – сүріндің бе), Ісі бітсе, ісі жоқ сеніменен – Өлдің бе, тірілдің бе.
***
Әркім өзін құдайдай сезінгенмен,
Бір-бірінсіз түк емес адамдарың.
***
Қайғылыға қылышын кеземейді,
Ат құйрығын үзіскен дұшпаны да.
***
Артық қайғы болмайды адам өзін Ешкімге де қажетсіз сезінгеннен.