Әбіш Кекілбайұлы
(1939-2015)
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002).
***
Адам мен адамды, халық пен халықты, мемлекет пен мемлекетті жалғастырар ең берік дәнекер – мүдде жақындығы ғана. Күндердің күнінде күллі адамзат бір ененің баласындай ынтымақтасып кетер заман туып жатса, ол да осы мүдделер жақындығының арқасында ғана орнай алмақшы.
***
Мақтан мен көкіреказ түгілі көптің өзін мерт етсе, ақыл мен сақтық көп түгілі аздың өзінің көсегесін көтере алады. Ол үшін ешқашан өз мүдденді өзгенің мүддесіне қарсы қойма, қайта одан олжа түсірер ортақтық ізде…
*** Күштіліктің шын аты – Мәңгілік…
***
Астыңдағы тақты кебісіңнен мықты көрме – оданда сыз өтеді. Үстіңдегі ақ ордаңды сауытыңнан мықты көрме – одан да оқ өтеді.
***
Шын шеберді шыңдайтын өзгенің көзі.
***
Дүниеде адам үшін жалғыздықтан асқан азап жоқ.
***
Адам жүрегінің еңбір тұңғиығынан шымырлап шығатын қимастықтың, ыстық іңкәрдің емін тапса махаббат қана табатын шығар.
***
Еркек үшін ата-мекеннің тыныштығы, ата-бабаның аруағы, ақ некенің беріктігінен артық намыс жыртатындай не бар?
***
Адамға біткен астам даңқ, астам күш, астам өкімет, астам дәулет, астам өнер, түптеп келгенде, бәрі де бақыт емес, сор шығар.
***
Әрбір мақтан әсіре құштарлық. Әрбір әсіре нәрсе күпірлік. Әрбір күпірлік күнаға батырады.
***
Келістірер сөз тек кемеңгердің көкейінен шығады.
***
Жер бетінде қанша қырғын соғыс болса да жеңіс жердікі. Ол үстіне сиыспаған адамдарды астына ап, оп-оңай-ақ сиыстырады.
***
Адамшылықтың басы – аяушылық. Аяушылық жоқ жерде адамшылық та жоқ.
***
Жаралы аңды жарасынан сипап райдан қайтарсаң, жаралы адамды да алыстан орағытып, ақылға шақырып, сабасына түсіресің.
***
Қас-дұшпанға иінің түсіп, еңсеңді жібере берсең, сездірмей сорып, білдірмей қылғытатынасқазанына әбден жайлы жылы-жұмсақ қылып алады.
*** Көзден ұйқы қашса, көңілге ой үйір.
***
Уақыт өтіп жатыр. Өмір өзгеріске толы. Оның бағыт-бағдарын әрқайсымыздың жеке-дара және жалпақ әлеумет боп толғанатын ойпікіріміз анықтайды.
***
Сана өзгермесе, сапа өзгере ме? Сапа өзгермесе, өмір өзгере ме?
***
Қай мәселеде де бір-біріміздің мұң-мұқтажымыздыдұрыс түсініп, бірге қамдастыра білсек қана, қазіргідей аса жауапты тарихи кезеңде керексізкикілжіңдерден аулақ тұра аламыз.
***
Құқылары бірдей азаматтар өздерін азаматымын деп танитын мемлекеттің шарттары мен талаптарын орындауға да бірдей міндетті болуға тиісті.
***
Тәуелсіздігіміз бекем болсын десек, Қазақстанда да, қазақта да бірлік болғанына тырысуымыз қажет.Ол үшін қауым болып, өз ұйтқысын өзі шайқамайтын парасат жолында қам жегеніміз дұрыс.Алмемлекетіміз сол ұйтқыны қалыптастыра алатындай ұқыпты саясат жүргізуге міндетті.
***
Арға тартпай – арман тұл, Намыс қумай – мақсат тұл.
***
Өнерді өмірлі ететін – шыңдық.Шыңдыққа адал қызмет еткен таланттан ғана кемел суреткер шықпақ. Шыңдыққа адал шығарма ғана ұзақ өмір сүрмек. Осы бір даусыз қағиданы жүзеге асыру үлкен таланттың өзіне де оңайға түспейді. Суреткерлік дарынмен қоса азаматтық ерлікті де қажет етеді.
***
Күлкі – шабуын білмесең, өз тірсегіңді өзің қиып түсіретін нар кескен қылыш сияқты қатерлі қару.
***
Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артық мұрат жоқ.
***
Сонының жолы қашан да қиын болмақ.
***
Күш көрсеткеннен әділетсіздік көбеймесе, азаймайды. Қиянатты қиянатпен түзей алмайсың.
***
Кез келген әрекеттің кеңістік пен уақытқа тәуелді екендігі белгілі.
***
Қай мәселені де, ең алдымен, біздің тәуелсіздігімізге қандай ықпал ете алатындығымен бағалауымыз керек.
***
Жұмыстың ауыр, жеңіл болуы өзіңнің оған қандай маңыз беруіңе байланысты.
***
Нарыққа да парық керек.
***
Кіріптар кезде кібіртік, азат кезде аусар, бодан кезде монтаны, бостан кезде бейпіл болу да – іргелі қауымға жараспайтын қылық. Бірден күрп ете қалмадық деу де күпірлік.
***
Дәл мынандай заманда өзіңді ойламау – обал. Өзіңді ғана ойлау – күнә.
***
Жақсының тойы халқының мерейін тасытып қана қоймай, ұрпағының жігерін қайрап, ұлтының парасатын шыңдайтыны айдан анық.
***
Азаттықтың жолы азапты. Бостандықтың жолы бұралаң. Тәуелсіздікке тек тәуекел ғана жеткізеді. Еріңе бітпеген тәуекел еліңе де бітпейді. Ерінің обалына қалатыны сондықтан.
***
Қатты жабылған есік қайтадан ашылғанмен, жұмсақ, жайлы ашылмайды.
***
Тәуелсіздігімізді сырттың ала көздігінен, іштің алауыдығынан аман сақтап қалу – біздің тарих алдындағы ең басты парызымыз.
***
Біреуге талап қоймас бұрын өзіңе өзің қатаң талап қоя білуге үйренген лазым. Бұл, әсіресе, жас қауымға керек.
***
Ғасыр тоғысына көзі тірі жететін ұрпақтар тарихи міндет бөлісуді қай кездегіден де сергегірек, жітірек және аса нәзік жүзеге асыруға тиісті.
Бүгінгі отаншылдық – төзім.
Бүгінгі ерлік – сабыр.
Бүгінгі елдік – тыныштық.
Қазіргі адал ниетті отандастарымыздың бір-біріне жасай алатын содан басқа жақсылығы жоқ.
Тәуелсіз даму – өткенді мұқият зерделемей, келешекті кеңінен болжамай, жүзеге аса қоймайды.
***
Тілдік жарасым жоқ жерде әлеуметтік жарасым болмайды. Ал, әлеуметтік жарасым тек әділетке ғана сүйене алады.
***
Қандай лауазым иесі өз өкілеттігі аясынан аспауы керек.
***
Озбырлық наразылық тудырмай тұрмайды.
***
Президентке қолпаш емес қолдау керек.
***
Елді өркениетке жеткізудің тәуелсіздіктен басқа жолы жоқ.
***
Тарих тек өз кезеңі тұрғысынан қарасаң ғана сырын ашатын тылсым жұмбақ.
***
Жақсыны тану үшін де парасат керек.
***
Өз ұлты мен әдебиетінің келешегін ойлаған кемел ақыл өзге мәдениеттер тағдырынада енжар қарай алмайды.
***
Жанға түскен жараның жазылуы оңай емес.
***
Дер кезінде айтылған сөз – тарихи ерлік, тыңдырылған шаруа – тарихи әрекет.
***
Ұлы тұлғаны уақыт аласарта алмайды.
***
Өз тарихының тауқыметті тағылымдарын терең ұғынып, өміршең дәстүрлерін өнікті жалғастыра алатын қоғамдардың ғана көсегесі көгере алмақ.
***
Бодандық дегеніміз обал-сауабыңды біреуге артып, құдайдың салғанына көніп бағу. Бостандық дегеніміз өз тағдырының жауапкершілігін өзмойнына алып, өз қамыңды өзің қамдау.