ИНТЕЛЛЕКТ

ИНТЕЛЛЕКТ (парасат, зият), (лат. intellectus – ақыл, парасат, ес) – ин- дивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алға- шында бұл термин адам психикасы- ның орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді. И. адам- ның болмысты тануының негізгі ны- саны. И. ақпаратты мақсатты бағыт- ты қайта өндеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. И. функцияла- ры: а) оқуға деген қабілеттілік; б) қор- шаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырым- дамаларда И. ақын-ой операция- ларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялық және практикалық И. жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байланысты. И. түрлері: абстрактылы зияты, ересек- тер зияты, нақты И., кристалданған И., күнделікті И., жануарлардың зияты, жасанды И-тің көрсеткіші анықталған коэффициент деңгейіне байланысты.Мұндай сезімдер адамның танымдық (тану) үрдістерімен, ақыл-ой әреке- тімен тығыз байланысты туындайды.Интеллектік сезімнің түрлеріне: таң- сықтау, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, ықтималдық, жаңашылдық, болжау т.б. сезімдер жатады. Сезімнің мұндай түрлері оқу үрдісінде, ғылыми-зерттеу ізденіс- терінде, адамға зор ләззат беретін жа- ңалықтар ойлап табуда пайда бола- ды. Мұғалімнің басты міндетінің бі- рі – оқушыларда интелектік сезім- дерді тудыру арқылы санасын қа- лыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір бі- лім алу мақсатына жете алмайтыны- мызды  оқушыларға  түсіндіру керек.

«Оқу инемен құдық қазғандай», ол оңайлықпен қолға түспейді.

Оған жан-тәніңмен берілмесең, тия- нақты еңбек етіп, қатты зейін қойма- саң болмайды. Оны үнемі толықты- рып отыру да қажет. «Адамның кө- ңілі шын мейірленсе, – дейді Абай, – білім-ғылымның өзі де адамға мейір- леніп, тезірек қолға түседі». Жүрдім- бардым үйренетін адамдарға ғылым тұрақтамайды. Өйткені ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет етеді. Интел- лектік сезімдер адамның сана-сезі- мінен орын алса, шындықты аша тү- суге құмары арта түседі, мұндайда ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *