Жұмекен Нәжімеденов
(1935-1983) Ақын, жазушы. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты ҚР Ән-ұранының авторы.
***
Балағынан бастайды құртатындар халықты,
Шабағынан бастайды құртатындар балықты.
***
Ар жағынан ұлы ызғар сезіліп тұр, Жылтырайтын дүниенің беті ғана.
***
Жалғыздық деген- сын нағыз, Жалғыз да болған жан емен. Бұрамыз үшеу мұнда біз:
Тыныштық, арман және мен.
***
Өлгендерді ұмытпау да-
Бұл күнде
Қолдан сирек келетұғын ерлік қой!
***
Арманды асырайтын- адалдық.
Ақылы жоқ айла шіріп кетеді, Ағысы жоқ ой да шіріп кетеді.
***
Жақсылық па –аян еткен жақсылық?!
*** Менің туған жерімнің тікенінде ұят бар,
Менің туған жерімнің қаңбағында салмақ бар.
***
Тіл өлсе- тірлігі не керек?!