Ғафу Қайырбеков
(1928-1994)
Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
***
Иесіз де киесіз ел болмайды – жүру керек тек соны дұрыс бастап.
***
Өнер деген бір байғұс өлтірер де тірілтер.
***
Өтермін сені әлдилеп, өлеңім менің, өмірдей ынтық ғашығым!
***
Жақын да едің, алыс та едің жастық деген жақсы ағайын.
***
Өмір – нәзік – өмір кірпік ұшында сол кірпіктің жабылмауын тіле, сен!
***
Кешірер деп дүниеге келіп қалап, ылғи қате жасаған пенде оңар ма?!
***
Уақыт қолы сындырса оп-оңай-ақ ертең сорлы болмағы бүгінгі ерің.
***
Өз басына қасиет бітпеген жан қасиет айтып, қасіретпен кімді емдейді?
***
Жаспен төрді аларсың, жас жинаған бұйым ғой. Жаспен алғансол төрді баспен ұстау қиын ғой!
***
Шомылып алайықшы ақ тілекке.
***
Болмаған соң екі өмір, бір өмірге дос керек.
***
Алдыма түс, мені алып ұш, аппақ желкен – сағынышым!
***
Ер жігіт жүрмес тағдырдың қамшысы тимей басына.
***
Жасайды бірге береке сүйікті біздің Отанмен!
***
Жалғыз жұтым ауаңды бер, Қостанай, Жанға шипа дауаңды бер, Қостанай.
***
Жазуға жаман өлең, жасық сөзді Нұрханның аруағынан әлі қорқам.
***
Жалғыз қазық мына жұрт – мен дүниеге туған жер Жалғыз тұтам шуда жіп кіндігімді буған жер.
Туған жермен байлаған кетпестей ғып кіндіктен,
Бар ма екен деп ойланам, мықты нәрсе сол жіптен!
*** Ана тілім, күшім менің, қуатым, Жырым сендік жүрегімнен туатын. Тауысар ма ырысыңды, қорыңды Дізелесіп қатар жазса мың ақын!
***
Адамдар жерде де, көкте де қуаныш, бақыт аңсап жүреді, ұшады. Кіп-кішкене нәрседен олардың рухы өседі, қанаттанады, керісінше де солай. Әсіресе, өнер адамдары бала мінезді, сәт сайын жақсылық дәметкіш келеді және ырымшылдығын қайтерсің…
***
Жолдар. Жолдар… Адам өмірін ұзартатын, байытатын, молайтатын үлкен себептердің, жақсылықтардың бірісің ғой сен.
***
… Көкшетау табиғаты – данышпанның мәңгілікке, сұлулыққа арнап соққан ескерткіші ғой.
***
Жылқы – қазақ даласының екінші есімі еді ғой.
***
Жаңа Торғайдың тарихы Арқалықтан басталады.
*** Ақиқат түбі – адалдық.