Қуандық Шаңғытбаев
(1925-2001)
Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Халық жазушысы.
***
Мен жолымнан бір жаңылман, оллаһи,
Туыс далам, тыныш далам болса аман.
***
Жәукем алғыр, жарылардай көкірек, Жәутең қағып жалғыз қалды жетімек. Қанды шеңгел қара мұртқа табынған Есіл ел-ай! Қайран иесіз өкімет!
***
Ату мен айдау, аһ ұру, аштық пен соғыс, алапат-
Сол болды сүйген көсемнен қазағым көрген марапат.
***
Әділ жанның толы арнасы тартылмас.
***
Тәңірім-ар!
***
Сүйемін туған жерді мен, бөлмеймін бұ жақ, о жаққа, Сүйемін тұтас елді мен, айырмай орыс, қазаққа.
***
Қайран ел-ай, қан кешіп жүрмін мен де Бір сен үшін жаным тегін!
***
Мен- қазақ! Тал бойымда қазаққаны.
***
От барда өзегімде өтем сен деп,
Туған ел, мен қазақпын атыңды ақтар.
*** Енді білдім: Отан деген өзіңдей әз ана екен, Біреуге- тау, біреуге орман, біреуге кең дала екен. Отан деген от басы екен, дос-құрбыңның арасы екен, Отан деген біреудің жар, біреудің жас баласы екен.
***
Дала –менің есі-дертім, онсыз қабақ жабылар,
Сүйем оның үнсіз көркін, менде дала жаны бар.
***
Дала – анам, дала- бесік.
***
Дем болсам бір жұтатын заманыма, Өтпесе, о дариға, өмір босқа!
***
Құлақтан кіріп, бойды алатын тамылжыған лирикалық ән- адам баласына бұйырған эстетикалық ләззаттың ең тәттісі…
***
Азаматтың ажалына адам, сірә, сенбейді:
Ұланасыр ғасыр сайын ұрпағына ұран боп, Жанады ол, Жанады ол.Жанады олар!! Сөнбейді!!!
***
Бір өлмек бар тірілерге, Бірақ сирек жақсы өлім.
***
Құнына келген қыршындай талай жастардың Не деген қымбат бақытым едің, Бостандық!
***
Алшы, тауқа, омпа, шіге, бүгін де Мен білетін мың сөз бар ғой тілімде. Қуанышта, құса кезде, құдай-ау,
Қолқанат сол, қолқабыс сол тірімде.
***
Біреу- адал, біреу-арам, амал не,
Достық, қастық- әр пенденің өз дерті.
***
Жалғыздыққа адам өзі кінәлі!
***
Қателік кімде болмайды, опасыз деген ат жаман.
***
Айқасам деп ақынмен әуре болма, Жаман атың жария болады елге.