Расул Ғамзатов

Расул Ғамзатов

(1923-2003 ) Авар ақыны. Лениндік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері.

 

*** Кітап – үйдің ашулы тұрған терезесі.

***

Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.

***

Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері… Көзіңді тосар, адал дос одан жоқ тегі.

***

Ана тілім менің. Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім де сенсің, сені мақтан етем.

***

Ана тілдің құдіретін қанша айтсақ та, түгесу мүмкін емес… біле білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды, өмір бойы адамға ең тамаша эстетикалық ләззат беретін де құдіретті тілің ғой.

***

Тілдің арқасында біреуді танып, бір халық екінші көрші халықты біліседі.

***

Егер ертең туған тілім жоғалар болса,мен бүгін өлуге даярмын.

***

Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады

***

Ұлтын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар.

***

Ішсең де әлдекімге тілеп саулық,

Біліп қой, арақ саған етер жаулық.

***

Әрқашан жаманды- жаман де, жақсыны жақсы де.

***

Мақтаған нәрсеңді- кейіннен жамандама, жамандаған нәрсеңді- мақтама.

***

Түймедейді түйедей етуге тырыспа, түйеден түйме жасауға одан сайын тырбанба.

***

Айқын ойыңды айқын да түсінікті тілмен жеткіз. Бұлдыр ойыңды мүлдем айтпай-ақ қой.

***

Жел тұрса, бірге ұшатын қаңбақ болма.

***

Әлі көзің жетпеген нәрсені– жұрттың құлағына құюға асық па.

***

Кішкентай кілтпен үлкен сандықты ашуға болады.

***

Өткенге тапаншадан оқ атсаң, болашақ саған зеңбіректен оқ жаудырар.

***

Бақыт дегеніміз- бақытсыздықтан аулақ жүру дағдысы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *