Сырбай Мәуленов

Сырбай Мәуленов

(1922-1993)

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Қостанай облысында Жанкелдин ауданында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Ұлы Отан соғысында рота командирінің саяси орынбасары болған.

 

***

Қамысы жоқ көл азады, намысы жоқ ел азады, Сағымы жоқ бел азады, жалыны жоқ ер азады.

***

Теңіз үнсізжай табар дауыл келіп соққанша, Жарылса егер жайратар жатыр тауда от қанша.

***

Қапсырмаса қара жерді тамыры – саусақтары, адыра қалар еді қарағай қаусап кәрі.

***

Жалғыз сөзден тұлабойың қалтырап,

Жалғыз сөзден жан жүрегің жалынар.

***

Судың бу болуы қиын емес, будыңу болуы қиын емес, тағдыртізесін батырса, патшаның құлболуы қиын емес.

***

Кейбіреу аттап өтіп ар-ұятты,

Даланың құсын да атты, аңын да атты. Атқанын қайдан білсін өзін-өзі, Атқанын қайдан білсін табиғатты.

***

Жақсы адамныңалақаны аялы, Жақсы адамжасыл емен саялы.

Жұлдыздардай шақырады биікке

Жақсы адамның жарқын өмірбаяны.

***

Азабы аз болмаса да Көп көрдім сый өмірден.

Бақытты әрқашанда Өмірді сүйе білген.

***

Өлең деген ар ісі, өлең – өнер жарысы.

***

Кез ендітаңды таңға ұрар, Батса да қайтем сырқатым.

Аманатқа қалдырар

Өлеңім – менің тілхатым.

***

Қуаныш, қайғыдада бір болдым халықпенен,

Заманда жайлы мына қымбат қой жарық деген.

***

Мен – дүние өлшемімін, Мен – табиғат бөлшегімін.

***

Көрді апатты, жұтты елім, Індет, дертті қаптаған. Халқым, қалай мықты едің Қазақ атын сақтаған!

***

Кейбіреуді асығасың көргенше,

Ой арманды ортаға сап бөлгенше,

Кейбіреумен көріспегің келеді,

Қара түнге – қара жерге енгенше.


Өмір – сұрақ, өлім – оның жауабы.

***

Мен өлімге қарсымын, мен өмірге жаршымын,

Мен заманның даусымын, осы менің бар сырым.

***

Мың қолдар сау болсын деп Мен бір қолымды бердім. Мың жолдаржалғансын деп Мен бір жолымды бердім.

Мың гүлдер солмасын деп Гүлдейжастық күнімді бердім. Мың ақын толғансын деп

Мың бір жырымды бердім.

***

Қолда бардақұны жоқтай алтынның, Білінбейтінбір қыры бар әр кімнің. Сол қырлардан көк құрыштай құйылып, Сом тұлғасы жасалғандай халқымның.

*** Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін, Я өліп, я болмаса өлтіретін. Жүректе жұлдызыңды жанып тұрған Жандыратын, болмаса сөндіретін.

***

Біреугеетсең жақсылық,

Бір күні шығар алдыңнан.

***

Бүгін асқақ сөздің керегі жоқ, Өмір асқақ сөзді көтермейді.

Қанша адам өлді…

Қанша адамның дерегі жоқ. Олардың құны Асқақ сөзбен өтелмейді.

***

Адамды бар дауыспен жырламасам, Адам боп өмір сүру күнә маған.

***

Көңілімде қалды аппақ көлеңке, Көңілімде қалды толқын жел ерке. Аппақ жанмен құя берді ақ нұрын

Торғай деген қыран бүркіт ер өлке.

***

Батырлық түсер білекке,

 

Ақындық түсер жүрекке.

Білек пен жүрек біріксе,

Жанарсың оттай түнекте.

***

Арқаладың өмірді, Алға сүйреп уақыттай. Азабы да көрінді

Біздер үшін бақыттай.

***

Өлеңде жоқ шекара.

***

Күн екіге бөлінбес,

Ай екіге жарылмас.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *