ИНДИВИД (лат. individuum –бөлінбейтін) – жекелей табиғи тіршілік иесі. И. дербес өмір сүретін ағза (бөлек, жеке тірі ағза). Тұлғаның биологиялық сипатын түсіндіретін ұғым. Биологиялық, физикалық, әлеуметтік, психологиялық т.б. қа- сиеттер жиынтығы бар дараланған адам.
И. – 1) жеке табиғи мақұлық ре- тіндегі адам, Ноmо sapiens өкілі, филогенетикалық және онтогене- тикалық дамудың өнімі;
2) адамзат қауымының жеке өкілі; ол тек биологиялық қана емес, соны- мен қатар, құралдар мен белгілерді белсенді пайдаланып, соның негізін- де өз мінез-құлқы мен психикалық функцияларын меңгеретін әлеумет- тік пенде. Кеңестік психологияда адам психологиясын талдауда «инди- вид», «тұлға», «іс-әрекет субъектісі»,
«жеке-даралық» ұғымдарын бөліп қарастыру қалыптасқан (Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.Г.Асмолов). Тұлға ұйымдасуында және оның мінез- құлқын реттеуде индивидтік қасиет- тердің маңыздылығы зор. И. едә- уір жалпылама сипаттамалары: пси- хофизиологиялық ұйымдасудың тұ- тастылығы; қоршаған дүниемен өза- ра әрекеттестіктегі тұрақтылық; бел- сенділік.
Тұтастылық белгісі И. өмірлік қаты- настарды жүзеге асыратын алуан түрлі функциялар мен механизмдер- дің арасындағы жүйелі байланыс- тарды көрсетеді. Тұрақтылық И. ақи- қат дүниеге деген негізгі қатынас- тарының сақталуын білдіреді. Мұ- ның өзінде И. икемділігі де жақсы байқалады. И. белсенділігі оның өзін өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, жағдаятқа тәуелділік пен оның тікелей әсерлерін еңсеруді диалектикалық тұрғыда ұштасты- рады және қоршаған дүниеден келе- тін әсерлерге жауап беруінен көрініс табады.