ИДЕНТИФИКАЦИЯ (лат.iden- tificatio – ұқсас, бірдей деп санау, теңестіру). 1) бір нәрсені, біреуді та- ну; 2) бір нәрсемен, біреумен ұқ- састыру, теңдестіру. Бірінші мағы- насында И. термині танымдық про- цестер психологиясында, сондай- ақ инженерлік психология мен заң психологиясында қолданылады; И. екінші мағынасында субъекттің өзін басқа субъектпен, топпен, үлгімен ұғынбай теңестіруінің эмоциялы- когнитивті процесі; 3) әлеуметтік психологияда индивидтің өзін басқа адаммен ұқсастыруы, өзін басқаның орнына қоюы, оның жеке бастық мағыналарын игеруі. Соған сәйкес мінез-құлық нысандары (альтруизм, эмпатия, т.б.) пайда болады. И. нә- тижесі бақылау арқылы объектіні үй- ренуі және оған еліктеуі.
И. барысында субъект объекттің сырт- қы мінез-құлық нысандарын, басқа адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін өзіне көшіреді. И. барысында басқа адамның идеалдары, құндылықтары, нормалары, өнеге сапалары, рөлдері меңгеріледі, игеріледі. И. даму пси- хологиясында баланың басқа адам- дардың психологиясы мен қылық- тарына өзін теңестіруінен көрінеді. И-да бала өзі үлгі тұтқан басқа адам- дардың қасиеттері мен қылықтарын қабылдайды (қ. ұқсастыру).