ИГІЛІК

ИГІЛІК – 1) ізгі іс-әрекет пен жақ- сы жұмыстың мәнді нәтижесі. Игі әрекет жанұя үшін, ел үшін жасалады да, оның нәтижесі – И. деп аталады. Қазақ халқының Отандық игілігі – егемендік, тәуелсіздік; 2) әдеп пен философияда белгілі бір жағымды мағынасы бардың бәрі. Ежелгі за- манның әдептік ілімдерінде әртүрлі ұғындырылды: рақат көру немесе құмарлықты тежеу, парасатты жа- ратылыстың төменгісінен үстемдігі мағынасындағы ізгілік және т.б. Пла- тонда И. болмыс иерархиясындағы жоғарғы басқышпен ұқсастырылды. Аристотель И-ті денелік (денсау- лық, күш және т.б.), сыртқы (байлық, ар, даңқ және т.б.) және жандүние- лік (ақыл алғырлығы, мінез қайы- рымдылығы және т.б.) деп саралады. Орта ғасырлардағы схоластикада ең жоғары И-тер барлық И-тердің бас- тауы және адами тілек-армандардың түпкі мақсаты Құдай атымен бай- ланыстырылды. Жаңа замандағы еу- ропалық философияда нені болсын И. деп бағамдауда (адам неге ұмтылса, оған не қажет болса сол) субъекттің рөлі баса көрсетілді. И-тің енді бір тұрғыдан ұғындырылуында оны ути- литарлық пен пайдалылыққа саю болды. XIX ғасырдың ортасынан былай

«игілік» ұғымын «құндылық» ұғымы

біртіндеп ығыстырып шығарды.Бұл мағынада жағымды материал- дық және рухани құндылықтарды білдіретін бағамдаушылық сана мен құндылықтар туралы ілімнің (аксио- логияның) жалпы ұғымы болды. Материалдық құндылықтарға рақат көру, пайдалылық, әл-ауқаттылық, қолайлылық, рухани жақсылық, әсемдік, ақиқат, көлемділік, шындық жатады. И-тер адамның жоғарғы немесе сөзсіз өмір сүруінің амалы не- месе шартты И-тер болып саралан- ды: соңғылары ілгерідегілеріне же- тудің құралы делінді. Абсолют И. деп өздігінен алғанда бағалы және қалаулы И-тер деп аталды. Әртүрлі философиялық және әдептік ілімдер- де абсолюттік И. адамның мәнін жә- не оның әлемдегі орнын (қоғамда- ғы, ғарыштағы) ұғына байланысты- ра баяндау болды. Гуманистік дү- ниетаным кемел әрі еркін адамның басқа адамдармен, қоғаммен және табиғатпен үйлесімді мұратын И. деп біледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *