ИГЕРУ – индивидтің қоғамдық-та- рихи тәжірибе алуының негізгі жо- лы. И. процесінде адам заттардың әлеуметтік мәндерін және олармен іс-әрекет жасау әдістерін, мінез-құ- лықтың адамгершілік негіздерін жә- не басқа адамдармен қарым-қатынас нысандарын меңгереді. Адамдық мі- нез-құлықтың барлық мазмұндық компоненттері – ынталандырушы- түрткілік және операциялық компо- ненттер игерілуге тиіс. Адами мате- риалдық және рухани мәдениет зат- тарының мән-мағынасын және олар- мен іс-әрекет жасаудың амалдарын игеру оқыту процесінің негізгі ішкі мазмұны болып табылады. Өнегелі- ліктің өзегі – мінез-құлықтың адам- гершілік нормаларын игеру. И-де заттың, пәннің жаңа мағынасын анық- тау жөніндегі іс-қимылды меңгеру көзделеді, мұның өзі осы іс-қимыл- ды жүзеге асыру жағдайларын бас- тапқы объективтендіруді (үлгі, құрал- дар, орындау жоспары және т.б. тү- рінде) талап етеді.
Бұл жағдайлар анық емес түрде де берілуі мүмкін (мыс., басқа адамдар- дың мінез-құлқына қамтылуы мүмкін). И-дің пәрменділігі – оның сапасы, беріктігі мен жылдамдығы – қалып- тасуға тиісті іс-қимылдың бағдар- лаушылық негізінің толық болуына, игерілетін мазмұнда қамтитын мате- риал типтерінің заттық, логикалық жә- не психологиялық әралуандылығы- на, іс-қимылдың қалыптасу процес- терін басқарылу шамасына тәуелді. Осы жағдайлардың жүзеге асырылуы жаңа мағынаның игерілуімен (ұғым- ның қалыптасуымен) қатар, осы ма- ғынаны қолдану жөніндегі толыққанды іс-қимылдың құралуына жеткі- зеді. И-дің нәтижелерінің жаңа – іс- қимылдардың, ұғымдар мен мінез- қүлық нысандарының – бұдан арғы тағдыры көбінесе игеруші субъект үшін өзекті маңызы бар қарекет түр- лерінің құрылымындағы орнына бай- ланысты.