ИАССАУИ ҚОЖА АХМЕТ

 

ИАССАУИ ҚОЖА АХМЕТ (XII ғ.)  Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы- ның көне Испиджаб, қазіргі Сайрам жерінде дүниеге келген, алғашқыда ғылым-білімді жергілікті ғұлама шай- қы Арыстан бабадан алады, есейе келе Бұхарадағы Жүсіп Хамадани- дан сопылық білімін тереңдетіп, со- пы ретінде Иассы (Түркістан) қала- сына келіп, «Иассауишілік» діни та- қуалы ағымның негізін салады. Қазақ жерінің орта ғасырлық мәдениетінің дамуында Иассауи жазған «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») елеулі орын алады. Бұл оғыз-қыпшақ тілін- де сол кездегі көпшілік бұхара халық- қа түсінікті тілмен жазылған шығар- ма. Кезінде Орта Азиядан бастап Еділ жағалауына дейінгі көшпелі түркі тайпаларының арасына кең тараған. Мұнда өлеңмен 149 хикмет берілген. Иассауидің өсиеттерінің толық нұс- қасы Қазан басылымы болып табы- лады (1878). Ең ескі нұсқасы XV ға- сырдың орта шенінде араб қарпімен көшірілген. Жыр жолдарында оның туған күнінен бастап алпыс үш жасқа дейінгі өмір жолы баяндалады. «Ди- уани Хикметте» діни-сопылық  қағидалармен қатар бұл дүниелік жәйт- тер, яғни оқып, білім алу, иманды ізгі қасиетті болып ақыл-парасатқа жеті- лу, сөз бен істе шыдамды, төзімді бо- лу, жақсы мен жаманды айыра алу, достық пен махаббатты қастерлеу, азға қанағат тұту, кемтар, ғаріп адам- дарға қамқор, әділетті болу, адал жол- мен жүріп-тұру секілді жалпы адам- гершілік нормалары дәріптеледі («Ма- хаббатқа берілгендер өз мақсатын табады», «Достарына төбеңмен қыз- мет қылғын», «Қызықпай мал-мүлік- ке дүние тепкін», т.б.) ғұлама атал- ған қасиеттердің психологиялық ас- тарларына үңіледі. Надандық, сараң- дық, залымдық, дүниеқұмарлық («Ей, достар, наданменен көңіл қоспа», «Жал- ған сөйлеп имансыз болма, Дүние үшін иман мен дінін сатар», т.б.) се- кілді жаман қасиеттерді шенеп, міней- ді. Соңғы айтылғандардың қай-қай- сысы да психологиялық жағынан кү- ні бүгінге дейін өзінің ғылыми мә- нін жоймай келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *