ЗООПСИХОЛОГИЯ

ЗООПСИХОЛОГИЯ – (грек. zoon – жануар және жан) 1) негізінен әр алуан биологиялық түрлердің ерекшелікте- рін салыстырып, психогенетикалық көзқарас тұрғысынан зерттеумен ай- налысатын сала. (қ. Салыстырмалы психология) жануарлар қылықтары мен психологиясын зерттейтін психо- логия ғылымының саласы. 2) объек- тісі жануарлар болып табылатын кез келген психологиялық зерттеу; 3) жа- нуарлар психикасы, осы деңгейде психикалық шағылудың көрінісі мен заңдылықтары туралы ғылым. З. жануарлардың психикалық про- цестерінің онтогенездегі қалыпта- суын, психиканың эволюция про- цесінде пайда болуын және оның дамуын, адам санасының биология- лық алғышарттарын және оның туы- лу тарихына дейінгісін зерттейді. Жануарлардың психикалық қабілет- теріне антикалық дәуірдің ойшыл- дары назар аударған. Ғылыми З. XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. бас кезін- де пайда болды. Жануарлар психика- сын ғалымдар олардың қоршаған ортамен тіршіліктік қажетті байла- ныс орнататын қозғалыс белсенді- лігімен диалектикалық бірлікте қа- растырды. Психиканың онтогенезде және филогенезде дамуының алғаш- қы және жетекші факторы ретінде ширығуға, қозғалыс жүйесін байытуға және жетілдіруге алып келетін тіршілік қарекеттің күрделілігін зерт- теді. Жануарлардың психикалық қарекетін, перцептивті процестерін, бағдарлы зерттеушілік реакциясын, жадын, эмоциясын, дағдысын және үйреніп алудың өзге түрлерін, зия- тын нақты зерттеу жануарлардың өздерін ұстануының құрылымына объективті анализ жасау негізінде және адамға қарағанда жануарлар- дың психикалық қарекеті толығымен биологиялық факторлармен шарттас- тырылатындықтан, зерттеліп отырған түрдің экологиялық ерекшеліктерін жан-жақты еске алуды талап етеді. З-ның этологиямен және басқа био- логиялық ғылымдармен ерекше ты- ғыз байланысы осымен айқындалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *