ЗЕЛАНД НИКОЛАЙ ЛЬВОВИЧ (1833-1902) – Петербургтың Әске- ри-медицина академиясын бітір- геннен кейін, 1859 жылдан бастап Қазақстанның түрлі аймағында қыз- метте болады. 1882-1888 жылдары Орынбордағы әскери госпиталда ор- динатор, Түркістан өлкесінде сол кездері шығып тұрған «Степной Край» (Дала өлкесі) газетінде әртүр- лі мақалалары (санитария, гигиена т.б.) тақырыптарда мақалалары жа- рияланып тұрған. Жетісуда облыс- тық дәрігер, ал 1888-1896 жылда- ры – Түркістан өлкелік әскери-ме- дицина инспекторының көмекшісі. Н.Л.Зеланд – медицина, антрополо- гия саласындағы еңбектердің авто- ры. «Қырғыздар» (Қазақтар) атты очеркінде (Омбы, 1885) адамның табиғи қасиеттерінің антропология- лық, темпераменттік ерекшелікте- рінің ақыл-ой дамуына тигізетін ықпалын көрсетеді, қазақ халқының мінез-құлқын зерттеп, көшпенділер- ді сангвиник темпераментіне жатқы- зады. Аталмыш еңбек қазақ халқы- ның психологиялық ерекшеліктері туралы орыс тіліндегі тұңғыш зерт- теу болып табылады. Төменде Н.Л.Зе- ландтың қазақ мінезі туралы жазған еңбегінен шағын үзінді келтіріп отыр- мыз. …Ресей мен Батыс Европада күллі қырғыз халқын осылайша атай- тыны белгілі, солай бола тұрса да бұл орайда қырғыз – қайсақ пен жа- байы тау қырғызының айырмасы бар. Сонымен бірге қырғыз атауы тура мағынасында тек соңғыларына қатысты; барлық басқа қырғыздар өздерін қазақпыз деп атайды…
Жаңа туған сәбиді шомылдырып, жаялыққа орап құндақтайды, бесікке бөлейді. Бесіктің тұрқы сопақша, төрт аяқты келеді. Бүйір шабақтары арасындағы кеңістік тақтайшалар- мен қиюластырылып жіпке керіледі, оған киіз төселеді, түбекке арнап ойық жасалады. Нәрестені бесікке жатқызған соң, құймышағын түбекке келтіре, бесік баумен байлап, үстін көрпешемен жабады. Көшіп-қону кезінде оңтайлы болу үшін бесіктің арқалығы мен табанына құрсау са- лынады да, сәбидің кеудесі мен аяғы қатты байланып, ол қимылдамай жатады, тіпті емізу үшін де бесіктен алынбайды… Жаңа туған балаға бе- сінші күні азан шақырылып, ат қойы- лады, бұл жол-жора кезінде босанған әйел жұбайының қошеметіне бөле- неді, дастарқан жайылып, табақ тар- тылады, бұл кәдуілгі христиандық шоқындыру ырымы іспеттес дәстүр. Сәби үш жасқа дейін, кейде тіпті тіпті бұдан да ұзақ кезеңде емшек баласы аталады. Оны 5 жасқа толған- да сүндетке отырғызады. Қазақ
балажан келеді. Баланы олар жы- лышырай танытып, еркелетіп өсіре- ді. Бала жазда көбінесе жалаңаш жүреді, жастайынан ат жалын тар- тып мініп, оның құлағымен ойнап өседі. Қазақ – қызу қанды жан. Оның
рухына жайсаңдық, ізгілік тән, ол ылғи да жайдары жүреді, жалпы сер- гек әрі еліктегіш келеді, алайда «жүй- кесі» көнбісті, ашушаңдыққа бара бермейді. Оның қызу қанды болуы- ның себебі бәлкім, көшпелілердің өмір салтынан да болса керек. Қозғалысы шапшаң, үнемі ат үстінде жү- руі қан айналымы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиіс; бұған қоса дала тұрғындары дене қызуының жиі ал- масуы, олар жұтатын таза ауа да; шөлейтте жол шеккенде сусынды көп ішпеуі, діни жоралғыларға байланыс- ты тағамдар таңдауы, асқазан және ішек жолы қызметін жақсартуға жәрдемдеседі, бұлардың оның рух күшін сақтауға маңызды ықпалы бар; ақыр соңында, арақпен, апиынмен және темекімен жүйкесін жұқартуға әдеттенбеудің де біраз пайдасы бар. Зеланд әлемдік психологиядағы тем- пераменттер теориясына елеулі үлес қосқан ғалым. Зеланд Гипократ, Га- лен, Кант, Лесгафт, Кречмер, Гейне т.б. ғалымдар сияқты келелі түйін- ді ойлары бар ғалым екендігі дау тудырмайды. Мәселен, орыс анторпо- логы Зеланд темпераменттің ана- томиялық, физиологиялық негізі туралы айта келіп оны ми қабықша- сындағы малекулярлық қозғалыс- тың жылдамдығы мен біркелкілі- гіне байланысты түсіндіреді. Мұны ғылыми жағынан дәлелді деп есеп- теуге болады.