ЗЕЙІННІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ. Зейін жөнінде әңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін ес- ке алады: 1. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы. Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейін- нің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өн- діріс озатының, не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жат- қызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақ- тай алу арқасында адам істеп отыр- ған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу проце- сінде маңызы зор. Сабақ үстінде ба- ланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әре- кетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегін- сіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақ- тай алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зе- йінін 10-20 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10-20 ми- нуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәр- сеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдай- да да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күше- йіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу – зейіннің табиғи қасиеттері- нің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кі- тап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жа- ғына қарайды. Зейіннің мұндай тол- қуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келе- ді. Бұған сыртқы тітіркендіргіштер, эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адам- ның өз еркін билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіре- се, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін қадағалау керек.
Бұл көп күш жұмсауды қажет ете- ді. Зейінді алаңдататын әр түрлі ті- тіркендіргіштерге қарсы күресу қа- жетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сыл- дыры, сырнай-керней т.б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осын- дай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да ке- сел тигізе бермейді. Мәселен, маши- наның гүрілі, музыканың әуені зейін- ді аударатын тітіркендіргіш болған- мен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әри- не, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, са- бырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П.Че- хов жас кезінде көп әңгімелерін ойын- күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қан- дай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде оты- рып жұмыс істеуді ұнататын адам- дар да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселттіріп, кез келген жағдайда жұ- мыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
- Зейіннің аударылуы. Зейіннің ау- дарылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді ай- тады. Физиологиялық тұрғыдан ми- дағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбі- несе жүйке процестерінің өзгерме- лілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрі- нісі. Екінші біреудің зейіні, керісін- ше, басқа объектіге қиындықпен ауы- сады. Зейінді тез аудара білу көл- денеңнен кез келген әсерлерге кідіру- сіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара бі- лу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктер- ге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағ- дайында балалардың зейінін бір пән- нен екінші пәнге, программаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұ- рау) екінші түріне (жаңа сабақты тың- дау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсінді- руі, өткен материалды дұрыс қоры- туы, оқылатын жаңа тараудың мақ- сатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылар- дың дайындығын тексеру т.б. зейін- нің дұрыс аударылуына себепші болады.
- Зейіннің бөлінушілігі. Адам сана- сының бір мезгілде бірнеше әрекет- ті атқара білу мүмкіншілігін зейін- нің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерт- теулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқу- шылар өздері есеп шығарады, соны- мен қатар осы кезде басқа оқушы- ның тақтаға шығарған есебін бақы- лайды, оның сөзін тыңдайды т.б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отыра- ды, кітап оқып отырып конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бө- лінуінің маңызы бәрінен де зор. Қа- зіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бө- лінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.) бірнеше нәр- сеге зейін бөлушілік қаншама маңыз- ды екендігі түсінікті. Олар бір кезең- де руль механизмін басқарады, жол- ға назар аударады, тормоз береді жә- не т.б… Бұл операциялардың әрқай- сысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қыз- метте де зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке оқушылар- дың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тә- жірибесі аз, жас мұғалім кейде бар- лық сыныпты, не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан сынып- та сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И.П.Павлов былай дейді:
«…біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бө- лімдерімен қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады».
- Зейіннің көлемі. Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қам- титын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер адам бір мезгілде (секундтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 3-5 әріпті қам- ти алатынын, 12-14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемде- ріне қарағанда шағын болатынды- ғы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушылар- ға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де белгілі зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін кө- лемі бір-бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, нашар өсе- тіндігін, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олар- дың зейін көлемін өсіретіндігін мұ- ғалім еске алуы қажет.
Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды бай- қай алуға, оларды дұрыс бір объект ретінде қабылдауға машықтандыр- ғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіру- ге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғай- ту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәр- сені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуын- да. Адамның мамандығы, айналыс- қан ісі оның зейініне әсер етпей қой- майды. Мәселен, өне бойы сағат ме- ханизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі ай- тарлықтай болмайды. Микроскоп- пен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес.
- Зейіндегі шашыраңқылық. Зейін- нің шашыраңқылығы белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйым- дастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Зейіннің шашыраңқылы- ғы сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жаса- лындайды, қозу мен тежелу процес- тері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қа- сиеті адам психологиясынан тұрақ- ты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда зейіннің шашыраңқылығы жиі ұшы- райды. Өйткені олар әлі күрделі іс- әркетпен айналыспағандықтан, зе- йіннің жоғары түрлері өз дәрежесін- де болмайды.
Зейіннің шашыраңқылығына ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қат- ты беріліп істеген кездерінде де бай- қалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сез- бейді, елемейді. Осындай жағдай- да ол айналысындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле алмаушылықтың кемшілігі – зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен.