ЗЕЙІН

ЗЕЙІН – адам санасының қандай да бір өзіне қажетті немесе қызықтыр- ған затқа, құбылысқа немесе іс-әре- кетке бағытталуы және шоғырла- нуы. Сананың бағытталуы деп объек- тіні таңдап алуды айтамыз, ал сана- ның бір нәрсеге шоғырлануы деген- де, бұл объектіге қатысы жоқтың бә- ріне назар аудармауды айтады; З. адам санасының айналадағы объек- тілердің, болып жатқан құбылыстар мен үрдістердің ішінен керектісін бөліп алып, соларға тұрақталуы. Шы- ғармашылық жұмыста белгілі бір объектіге зейін қоя білудің маңызы зор. Зейін қоя білу – мағлұматшыл- дық қасиеттің негізі болып табылады. Білім беру үрдісінде зейіннің алатын орны ерекше. Оқыту мен оқуда, жетістікке жету, зерттелетін объекті- ге зейін қоюдан басталады. Адамның кез келген мақсатты іс-әрекеті З. ар- қылы жүзеге асады. З-нің келесі түр- лері бар: ырықсыз (еріксіз), ырықты (ерікті) және үйреншікті З. Еріксіз З. адамның мақсатынсыз-ақ сана заттар мен құбылыстарға бағытталады. Ерік- ті З. мақсатты іс-әрекеттерді орын- даумен байланысты.

Ал үйреншікгі З. адамның іс-әре- кетінің өмір тәжірибесінде қалып- тасып отыратын түрі. З. келесі қа- сиеттерімен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы, толқуы. З-нің мұндай қа- сиеттері бір-бірімен тығыз байла- нысты және іс-әрекет кезінде олар- дың өзара үйлесімділігі болады. З. басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. З-ді кейде ат- тенционалды әрекеттер деп те атайды. З. (А.Р. Лурия) – субъекттің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозға- лыс-тардың таңдамалы бағдарлама- сын сүйемелдеп, қамтамасыз ету жә- не осы бағдарламаның ағымын қа- дағалау процесі. З.-нің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен ба- ғыттылығы тұрады. С.Л.Рубинштейн- нің пікірінше, зейінде сананың зат- пен байланысы көрініс табады. З. мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объек- тіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. З-нің нақты бір объектіге бөлінуі субъек- тіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объекттің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. З-нің оянуы – бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И.Стра- ховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну де- ген қасиеттер кездеседі.

Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қа- сиеттерімен ынталандырылады: 1) ин- тенсивтілігі; 2) жаңалығы; 3) аффек- тивтілігі.

П.Я.Гальпериннің тұжырымы бо- йынша: З. – бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағыттал- ған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқы- лы жүзеге асады.

Ал Л.С.Выготский бойынша, ырық- ты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне бі- луге байланысты. Адамның психи- калық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді: 1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде; 2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ре- тінде анықтауға болады. З-нің функ- циялары – 1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді; 2) ортадан келе- тін ақпараттың мақсатты, ұйымдас- қан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді; 3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтама- сыз етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *