ЗАҢ  ПСИХОЛОГИЯСЫ

ЗАҢ  ПСИХОЛОГИЯСЫ.  З.п. құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қол- данудың психологиялық мәселеле- рін зерттейді. Бұл сала сот психоло- гиясы, қылмыс психологиясы, еңбек- пен түзету психологиясы (пенитен- циарлы) деп аталатын тармақтардан тұрады. Сот психологиясы сот, айып- талушылар, куәлар, сот тергеуін жүр- гізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астар- ларын қарастырады. Қылмыс психо- логиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сы- рын ашады. Еңбекпен түзету психо- логиясы тұтқындағы адамдарды сен- діру не күштеп істету арқылы қай- та тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *