ӘЛІМҚҰЛ

ӘЛІМҚҰЛ (т.ж.б. — 1865) — Қоқан хандығының билеушісі. Шыққан тегі — Қыпшақ. Ә. алғашында молла ретінде аты шыққан. Кейін Құдыяр хан Қоқан тағынан аласталып, орнына баласы Сейіт отырғанда Ә. аталық сайланды. Хандықта толық билікке ие болғаннан кейін Қашқарды бағындырды. Ресейдің Орта Азия хандықтарын өзіне бағындыру әрекеттеріне қарсы болды. 1864 ж. көктемінде Шымкентті М.Г.Черняев әскерлерінен қорғауда асқан ерлік көрсетті. Солтүстіктен төнген қауіпке тойтарыс беру мақсатында Бұхара, Хиуа хандықтары мен қазақ, өзбек, қырғыз халықтарының біріккен одағын құруға талпынды. Осы жолда ол қазақ халқының ұлт-азаттық күресін басып жаныштады. Ә. 1865 ж. мамырында Ташкентті қорғау кезінде ауыр жараланып, қаза болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *