Қайнекей Жармағанбетов
(1918-1974)
Қазақтың балладашы ақыны, қоғам қайраткері. Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Шилі кеңшарында туған.
***
Бер бұйрықты, Отан, маған! Айнымасқа ант етейін, Жас қырандай саңқ етейін, Найзағайдай жалт етейін.
***
Тымырайып, тым мүләйіп отырғанда данадай,
Көрсең ішін, қуыс пішін, аңлау-саңлау даладай, Сырты сырлы, іші бос, қуыршақтай болма дос!
***
Өскенді де көргенбіз, бөскенді де көргенбіз, Өсіп-бөсіп ақыры өшкенді де көргенбіз. Болғанды да көргенбіз, толғанды да көргенбіз, Болып, толып ақыры солғанды да көргенбіз. Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз, Асып-тасып ақыры сасқанды да көргенбіз.
***
Шипасы ерте солудың – қаламнан қалған іздерде.
***
Ақырғы демің тынғанша үміттің оты сөнбейді.
***
Бір арманға қол жетсе, екінші арман туады,
Түлкі боп кейде ол кетсе, қыран боп адам қуады.
***
Үмітпен өрден асасың, үміт-көркі көңілдің,
Арманмен алға басасың, арман – көркі өмірдің.
Бұқпантайлық жетті ғой,
Жалын боп қашан жанасың?!
***
Мансап деген жаман дерт, болма әуре оны қуып та.
***
Қулық іздеп қайтерсің,
Болсайшы аға алды кең.
***
Өрісті ойдан бос болсаң, сақтанып әр кез жүрермін.
***
Өсек ерсе соңыңнан, талайды танып қаласың,
Дос салса қанжар жоныңнан, емдеу қиын жарасын.
***
Менмендік пен мақтану тек есерден шығады, Өнерсіз бекер шаттану – бір күн жарға жығады.
***
Бұлақ та суалады, теңізге құя алмастан,
Терек те қуарады, жапырақ туа алмастай.
***
Ауыз деген жалақор, мін іздегіш.
*** Өзін-өзі зор тұтқан – жұрт көңілін қалдырар, Жауына тез алдырар, аяғынан шалдырар.
***
Шарт етіп қашан сынғанша өлімге емен көнбейді.
***
Ағаның іні – тынысы.
***
Бала – ата-ана бақыты, балакөркі өмірдің.
***
Дауылды шөлден, аязды желден, топанды селден именбейтін еменнің панасы тек Жер-Ана!
***
Өсек-аяң тергендер – қарғыс ап көктен, жерден де, нысана болар мергенге.