Баубек Бұлқышев
(1916-1944)
Қазақ ақыны, жалынды публицист, ержүрек майдангер.
***
Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.
***
Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Олш артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.
***
Әркімнің жолдас болсын сүйген досы, Біріксе айырылмасын көңіл қошы!
***
Тірі боп жүз жыл жасап тік тұрудан
Бір күн артық ел үшін еңбектенген.
***
Біз дүние жүзі жастарының алдыңғы қатарындамыз. Біз жастар, тағдырымыз сендермен байланысты екенін білеміз.
***
Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды.
***
Дүниедегі ең барып тұрған арман, барып тұрған қайғы творчестводан аса алмас.
***
Пай-пай, тамашасың-ау, Алматы… Неге ғана Алатаудың сұлулығын маған айтқызбайды. Мен күні-түні өзімнің Алматым, Алатауым туралы жалықпай әңгімелер едім.